Түркістан облысы: темірландықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Тұңғыш Президент күні Ордабасы ауданында ауқымда шарамен атап өтілді. Орталықтағы Мәдениет үйіне жиналған қауым еліміздің жетістіктерін елбасының есімімен байланыстырып салиқалы ой қозғады. Айтулы күні еңбекте ерендік танытқандар арнайы төсбелгімен марапатталды.

Түркістан: партия қатарына 1500 адам қосылды

Түркістанда «Nur Оtan» партиясы мүшелерінің саны 1500 адамға артты. Тұңғыш Президент күні бас партия құрамына облыс көлемінде осыншама азамат қабылданды. Олардың ішінде ақапарат, мәдениет, спорт саласында жетістікке жеткен танымал тұлғалар да бар.

Түркістан: мақтааралдықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз үлес қосып келеді. Экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Бүгінде бүкіл әлем Қазақ елін танып, оның бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Мақтаарал ауданы Мырзакентте ұйымдастырылған Тұңғыш Президент күнінде зиялы қауым өкілдері осылай деді.

Түркістан: Ордабасы ауданында «EGOV MOBILE» мобильді қосымшасының пайдалы тұстары түсіндірілді

«EGOV MOBILE» мобильді қосымшасы арқылы қажетті қызметтің 28 түрін үйде жатып алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ордабасы ауданынының ХҚКО мамандары халыққа түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. «Ашық мемлекет» атты көрсетілетін қызметтердің жобасы насихатталды.

Түркістанда «Nur Otan» партиясы саяси ұйым мүшелерінің бірлескен жиыны өтті

«Nur Otan» партиясының Түркістан қалалық филиал төрағасы Рашид Аюповтың қатысуымен саяси ұйым мүшелерінің бірлескен жиыны өтті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия филиалдарының өкілдерімен кездесу барысында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Түркістан: Отырарда сапар орталығы ашылды

Отырар ауданында мәдени туризм орталығына айналуға тиіс бірегей нысан «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі сапар орталығы» көпшілікке есігін айқара ашып, Арыстанбаб кесенесінің маңын абаттандыру жұмыстары аяқталды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бой көтерген нысанның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, сазгер Қалдыбек Құрманәлі қатысты.