Шымкент: Адырбеков көшесінің жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

Ұзындығы 4 шақырымға созылған Шымкенттегі Адырбеков көшесін жөндеу үшін бюджеттен 1 млрд. тенгеден астам қаражат қаралған. Мердігерлер бүгінгі таңда сол қаржының 400 млн. тенгесін игердік дейді. Құрылыстың қарқынды жүруіне жер асты коммуникациялық желі қолбайлау болып тұр екен.

Шымкент: "Тұранға" қоғамдық көлік жүре бастады

Шымкент қаласының әкімі уәдесінде тұрды! Шымкенттегі "Тұран" мөлтекауданының тұрғындары осылай деп, қуанып отыр. Осыдан небәрі екі күн бұрын Ерлан Айтаханов тұрғындармен кездесіп, осы маңға қоғамдық көлік жүргізіп беруге уағдаласқан еді. Қала басшысы сөзінде тұрып, бүгін 171-ші бағыттағы автобус жолаушы тасымалдауды бастап кетті.

Шымкент: бас дәрігердің орынбасары дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін сөз етті

Шымкент қалалық онкологиялық орталыққа қазан айында жетуі тиіс химиопрепараттар 7-10 күнге кешігуде. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Əбішев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мəлімдеді.

Шымкент: сәулеттік кеңесте «NUR-SULTAN PLAZA» тұрғын үй кешенінің жобасы талқыға түсті

Шымкентте қалалық Сәулеттік кеңесінің бірінші отырысы өткені белгілі. Осы жиында «Shymkent City» жобасының аумағындағы тұрғын үй кешендерінің, Арғынбеков көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй кешенінің, «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы «Nur-Sultan Plaza» көп қабатты тұрғын үй кешенінің, олардың қасбеттерінің сондай-ақ, көп қабатты автотұрақтардың эскиздік жобалары талқыланды.

Шымкент: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі "Әлем білім орталығына" барды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан "Әлем-БТ" ЖШС-ның шұлық жасау фабрикасының жұмысымен танысты және "Әлем білім орталығы" білім алушыларымен кездесті. 

Шымкент: Министр оңалту орталығының ашылу салтанатына қатысты

Бүгін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Шапағат" мүгедектерге арналған оңалту орталығының ашылу салтанатына қатысты. Нысанның жұмысымен толық танысып шықққан министр сонда ем-дом қабылдап жатқан азаматтармен тілдесіп, оларға мемлекет тарапынан қажетті көмектің жоғары деңгейде көрсетіле беретіндігін тілге тиек етті. 

Шымкентте ретсіз сауданы жою үшін базар ішінен тегін орын беріледі

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Орталық қырғы базардағы соңғы уақытта үлкен мәселеге айналған ретсіз сауда орындарын аралады. Аталған жұмыс сапары аясында Ерлан Қуанышұлы қала базарларындағы заңбұзушылықтармен танысып, сатушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жолда тұрмауын және базар басшылығы тегін орынмен қамтамасыз ететінін жеткізді.

Шымкентте жаңа жылға дейін тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылмақ

Шымкентте 11 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Оларда 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, 1 млн. 350 мың қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2 пайызға артық.