Белсенділер "Шақпақ" блок-постында жолаушыларды әлемде орын алған қауіпті дерттен алдын алу мақсатында күні түні тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатқан ішкі істер және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ақ дастарқан жайып, түскі ас ұйымдастырды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Осылайша түлкібастықтар күн –түн, жаңбырлы ауа-райына қарамай жұмыс жасап жатқан ақ халатты абзал жандар мен ішкі істер саласының мамандарына қолдау көрсетіп, көңілдерін көтеріп, қуанышқа бөледі. Ел игілігі жолында қолға алған бұл бастама көпке үлгі боларлық іс болатыны анық. Сындарлы сәтте ел үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне осындай бастама бастаған жандарға ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түлкібас ауаданында, халықаралық күре жол бойында орналасқан "Шақпақ" блок-посты үздіксіз жұмыс істеп тұр.