Рашид Аюпов медициналық бетперделер тігуді қолға алған жергілікті кәсіпорындарға барды. Сондай кәсіпорындардың бірі – жеке кәсіпкер “Хываева”. Аталған орында жергілікті 40 тігінші тұрғындар денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қолданылатын дүниенің қажеттілігін жақсы түсініп, жұмыс легін жандандырған.
Әлемде болып жатқан коронавирус індеті таралуының алдын алу бойынша Қазақстан қалаларында медициналық бетперделер тапшылығы орын алғаны баршаға мәлім.
Бүгінде, Түркістан қаласына тәулігіне бетперде қажеттілігі 20 мың дананы құрап отыр. Ал, келісімге келген кәсіпорын иелерінің айтуынша 47 мыңдай медициналық бетперде жасауға қауқарлы.
Осыған байланысты, кешелі дәріханаларға жеткізілуі басталған бетперделер, 2-3 күн ішінде қалалық қажеттілікті толық қамтиды деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ артылғанын өзге өңірлерге де жіберуді көздеп отыр.
