Шымкенттегі 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызына жылу берілген
Шымкент қаласында жылыту маусымы басталғалы орталық қазандықтан жылытылатын 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызы, 400 — ден астам бюджеттік мекемелер жылуға 100 пайыз қосылды.
Шымкент қаласында жылыту маусымы басталғалы орталық қазандықтан жылытылатын 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызы, 400 — ден астам бюджеттік мекемелер жылуға 100 пайыз қосылды.
Шымкент қаласында «Бастау бизнес» жобасының 3-ші кезеңіне тіркелу басталды. Осыған орай, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы арнайы конференция өткізді. Жиын барысында, алдыңғы екі кезеңде оқудан өткен жас кәсіпкерлердің аяқ алысы мен гранттарды игеру әңгіме болды.
«Отау групп» компаниясы салған «Роял Апартменс» бизнес класс санатындағы нысандар қаладағы Қонаев даңғылының бойынан орналасқан. 12 қабатты зәулім үйлердің жертөлесінде автотұрағы мен балалар алаңшасы бар. Бассейндері тіпті ерекше. Бір сөзбен айтқанда ғимаратта тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.
Шымкент қаласының бюджетіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Республикалық бюджеттен бөлінген 22 млрд теңгеден астам қаражатты бүгін қалалық мәслихаттың депутатары салаларға бөлді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 57 сессиясында бюджетте біраз өзгерістер орын алды.
«3-Энергоорталық» Акционерлік Қоғамы әзірге 3 жылу қазандығының 1-уін ғана іске қосып отыр. Өйткені, биылғы күз жылдағыдан едәуір жылы. Алайда мамандар тұрғындардың жылу үшін берешегі азаймай отырғанын алға тартады. Қарыз - 200 млн-нан асып отыр. Қыс ауасында болатын қиындықтарды болдырмау үшін борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын да жүргізіпті.
Шымкент қаласында «Достық дастарханы» жайылып, палау фестивалі болып өтті. Дәстүрлі шараны қалалық Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестігі ұйымдастырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау білдіргенін айта кетейік.
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі мамандары тұрғын үйлерде кезекті профилактикалық рейдін өткізді.
ТҮҚЖБ салымшыларына баспана сатып алу үшін жылына 3,5% мөлшерлемемен несие алуына болады. Ол үшін салымшының есеп-шотында пәтер бағасының кемінде 50% жарнасы болуы тиіс. Пәтерлер берілетін «Бақыт» тұрғын үй кешені Нұрсəт шағынауданындағы Бəйтереков көшесінде, ал «Премьера» тұрғын үй кешені Нұртас шағынауданы, Майтөбе көшесі, 214 мекенжайында салынуда. Құрылысты салушы компания – «Композит-7» ЖШС.