Жалпы бұл жұмыстарды жүргізуге 10 қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда Мырзакент пен Атакент кентіндегі саябақтар, гүлзарлар, базарлар мен басқа да қоғамдық орындар күніне 1 рет залалсыздандырылуда. Сондай-ақ, адам көп жүретін көшелер мен аяқжолдарда да осындай жұмыстар жасалуда.
Аудандағы кафелер мен асханалар, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері, автобекеттер сияқты т.б. кәсіпкерлік нысандарда кәсіпкерлердің өз есебінен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Оларды аудан әкімдігі қатаң бақылауға алып, күн сайын мониторинг және рейд жұмыстарын өткізуде.
Жалпы өңірде пандемияға қарсы кешенді қауіпсіздік шаралары талапқа сай жүзеге асуда. Аудан аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі дайындық режимі енгізілді. Барлық жұмыс орындарында қызметкерлердің дене температурасын өлшей отырып, қызуы көтерілген жағдайда, міндетті түрде жұмыстан шеттетілуде.
