Шымкентте 224 отбасы қоныс тойын тойлайды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін Шымкентте 224 пәтерлік 4 үй қолданысқа беріледі. Бұл туралы ТҮҚЖБ Шымкент қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетерлігі, ТҮҚЖБ салымшылары, яғни 224 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болмақ.