Түркістан: Сарыағашта өндіріс және ауыл шаруашылығы саласында жобалар жүзеге асуда

Түркістан облысында өндіріс орындарының қатары артып, өнеркәсіп саласында оң өзгерістер байқалады. Соның ішінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып жатқан Сарыағаш ауданын ерекше атап өтуге болады. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барып, өңірдің тыныс-тіршілігін бақылап, өндіріс орындарын аралады. Облыс басшысы ең алдымен профил пластик өндіретін ЖК «Ерғали» жеке кәсіпкерлік нысанының жұмыс жүйесімен танысты.

2017 жылы ашылған цехта есіктер мен терезелерге арналған және өзге де салаларға қажетті пластик пен профиль өнімдері шығарылады. Тауарлары ел ішіне

Ұлттық экономика вице-министрі Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалармен танысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков Түлкібас ауданына арнайы іссапармен барды. Сапар аясында бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Түркістан: Өңір тұрғындарының өтініштері қаралды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «AMANAT» партиясы облыстық филиалында азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-шағымдарын қарады. Азаматтардың басым бөлігі жол сапасының төмендігі, ауыз су тапшылығы, табиғи газ желісінің жетіспеушілігі, интернеттің әлсіздігі, көше жарығы мен тұрғын үй кезегі сияқты мәселелерді көтерді.

Мақтааралда 3 мыңнан астам адам жалпыаудандық сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында кең ауқымды сенбілік өтті. Табиғатты қорғау мен елді мекендерді абаттандыруды көздеген шараға 3200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді еріктілер болды. Сенбілік жұмыстарына жалпы саны 18 дана арнайы техника тартылды. Нәтижесінде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында орналасқан 67,8 шақырым аумақ шөптерден арылып, тұрмыстық қалдықтар мен өзге де қоқыстардан тазартылды. Шара барысында 30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, аудан аумағында орналасқан қоқыс полигонына шығарылды.

Арыста тағы бір елді мекенге табиғи газ берілді

Арыста қала күні мерекесі қарсаңында Жиделі ауылының тұрғындары көгілдір отынға қосылды. Игі шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, мердігер мекеме өкілдері, сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты.