Жоба аясында қоймамен қатар қосымша екі арнайы техника орналастырылып, пайдалануға берілмек. Бұл техникалар жолдарды тазалау, тайғаққа қарсы материалдарды уақытылы себу жұмыстарын жедел әрі тиімді атқаруға жағдай жасайды. Аталған бастама Келес ауданы аумағындағы жол инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қатынас сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп, қойма алдағы уақытта толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Орайы келгенде айта өтейік, Түркістан облысында 2025 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 51,7 млрд теңге (РБ – 10,4 млрд теңге; ОБ – 28,6 млрд теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 млрд теңге, субвенция – 6,1 млрд теңге) бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 288 нысан, немесе, 1245,1 шақырым жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл қорытындысымен 201 нысан н/е 827,4 шақырым пайдалануға беріледі деп көзделуде. Облыстық маңызы бар жолдар – 20,1 млрд теңге (РБ-9,3 млрд теңге, ОБ – 10,8 млрд теңге) бөлініп, 24 нысан н/е 219,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен (жыл қорытындысымен 17 нысан н/е 105,6 шақырым жол, 7 көпір, 1жарықтандыру пайдалануға беріледі) қамтылды. Аудандық маңызы бар жолдар –3,6 млрд теңге (ОБ 3,6 млрд теңге) бөлініп,24 нысан н/е 130,7 шақырым жол құрылыс, күрделі ж/е орташа жөндеу жұмыстарымен (13нысан н/е 53,7 шақырым жол пайдалануға беріледі) қамтылған.
Елді мекен көшелеріне – 28,0 млрд теңгеге 240 нысан 885,6 шақырым көшелерді жөндеуге (РБ – 1,1 млрд теңге; ОБ – 10,2 млрд теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 млрд теңге; субвенция – 6,1 млрд теңге) бөлінді. Оның ішінде; ОБ және АЕБ есебінен – 21,0 млрд теңгеге 131 жоба немесе 561,8 шақырым жөндеу жұмыстарымен қамтылуда (жыл қорытындысымен 119 нысан н/е 509,0 шақырым пайдалануға беріледі). Субвенция есебінен 109 жоба н/е 323,8 шақырым көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 83 нысан н/е 283,1 шақырым жол пайдалануға беріледі.
2025 жылы жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға, ал, елді мекен көшелерін 74%-дан 78%-ға жеткізу жоспарланған. Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 17 692 шақырым құрайды. Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары кезінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына қазіргі таңда 5200 шақырым жол таңбасы мен 17 450 дана жаяу жүргіншілер жолағын сызу, 3470 дана жаңа жол белгілері, 23 193 м2 шұңқырларды жамау, 17,1 шақырым тегістеу қабаты салынып, 60 жерге жасанды жол кедергілері орнатылды. Жыл соңына дейін жұмыстар жалғасатын болады.Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 30 жерге үй жануарларының макеттері қойылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат