Игі іске ауыл тұрғындарымен бірлесе атсалысқан удан басшысы Мұхит Сексенбайұлы барша ауыл азаматтары мен қарияларға алғысын білдірді. Табиғатты қорғау бір күндік науқан емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар, өзен бойына тал көшеттері отырғызылып, аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ақ шаңқан киіз үй тігіліп, шараға қатысушыларға жеті түрлі дәннен дайындалған наурыз көже ұсынылды. Ерікті жастар музыкалық аспаптармен ән шырқап, шараның шырайын арттырды. Бұлақ басында құрбандық шалынып, дұға бағышталды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат