Зейнеткерлердің денсаулығын жақсартатын орталық

Шымкент қаласында аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне, денсаулығын нығайтып, қоғамдық ортадан қол үзбеуіне бағытталған жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның жарқын үлгісі – Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Белсенді ұзақ өмір орталығы. Орталық зейнеткерлердің өмір сүру сапасын арттырып, оларды зияткерлік, шығармашылық және қоғамдық белсенділікке жұмылдырады, сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған мәдени-демалыс жұмысты дамытады.

 Бүгінде орталықтың төрт бөлімшесінде күніне 800-ге жуық зейнеткерге қызмет көрсетіледі. Жыл басынан бері 3200 қызмет алушы қамтылып, 323 жаңа қатысушы тіркелген. Мұнда олар үшін 36 түрлі қызмет түрі ұйымдастырылған – емдік денешынықтыру, массаж, фитобар, психолог қызметі, тұзды кабинет, шунгит терапиясы, бассейн, иога, хореография, еңбек терапиясы, бейнелеу және қыш өнері, кітапхана, музыка, компьютерлік және қаржылық сауаттылық, ағылшын және араб тілі сабақтары бар.

 Әсіресе, соңғы уақытта ағылшын тіліне қызығушылық айтарлықтай артқан. Қазіргі таңда төрт бөлімшеде екі ауысым бойынша 180 қызмет алушы шет тілін меңгеріп жатыр.

 Сонымен қатар, әр апта сайын зейнеткерлер Дендросаябақта серуендеп, түрлі сауықтыру және мәдени іс-шараларға қатысады. Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрына барып, тегін қойылымдарды тамашалау да игі дәстүрге айналған.

 Орталықтың медициналық-сауықтыру бағытындағы жұмысы да нақты нәтижесін көрсетуде. Атап айтқанда:

– гипертония бойынша емделушілердің 93 пайызында,

– бронхит бойынша – 95 пайызында,

– артрит бойынша – 68 пайызында,

– артық салмақ мәселесінде ем алушылардың 82 пайызында оң өзгеріс байқалып отыр.

 Бұл көрсеткіштер Шымкентте аға буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету ісі жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Белсенді ұзақ өмір орталығы қариялардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, өмірге деген құлшынысын күшейтіп отырған маңызды әлеуметтік алаңға айналды.

Шымкент цифрландыру бойынша үздік үштікте

2025 жылғы негізгі көрсеткіштерге сәйкес Шымкент қаласы цифрландыру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мегаполис «Smart City Ranking 2025» рейтингісінде республика бойынша 3-ші орында. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент Астана және Алматы қалаларынан кейінгі үздік үштікке еніп, цифрлық трансформация бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті.

Түркістан облысы: Сауран ауданында бір отбасыға баспана кілті табыс етілді

Сауран ауданы, Ибата елді мекенінде көпшілікке қуаныш сыйлаған тағылымды шара өтіп, бір отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданындағы А-15 республикалық автомобиль жолындағы көпірдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының 2-шақырымында орналасқан көпірге күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған нысан аудан аумағындағы ең ірі елді мекендердің бірінде орналасқан және өңір тұрғындары үшін маңызды көлік инфрақұрылымының бірі саналады.

Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті

Шымкентте Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий өтті. Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған ауқымды жоба отандық деректі киноны насихаттап, ел тарихындағы маңызды оқиғаларды көрерменге кеңінен таныстыруды мақсат етеді.

Шымкент: Екі медициналық ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында екі ірі медициналық ұйымда күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталығында үшем дүние есігін ашты

Түркістан облыстық №2 облыстық перинаталдық орталығында жүктіліктің 32 аптасында алғашқы үшем дүниеге келді. Үш сәби де — қыз балалар. Нәрестелердің туған кездегі салмақтары 1775 грамм, 1990 грамм және 1850 грамм болды.

Түркістан облысында нөсер жауыннан кейінгі жағдай бақылауда әрі тұрақты

Түркістан облысының Төлеби және Қазығұрт аудандарының кей аумақтарында нөсер жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы жиналып, тұрғындар үшін уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі таңда жауын-шашын тоқтап, жағдай тұрақталған.