Экология – болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік

 

Бүгін табиғатты қорғауға арналған ең маңызды халықаралық күндердің бірі, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күннің басты мақсаты қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру болған. Қазақстанда да экология мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын үнемі атап өтіп келеді.

Түркістанда дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлемде дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Осыған орай Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

Түркістан облысы: Мемлекеттік рәміздер күнінде Созақ ауданында 29 отбасы қоныс тойын тойлады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Созақ ауданы орталығындағы Жеткіншек ықшам ауданында 29 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Жаңа баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Қоныс тойының қуанышын бөлісуге аудан тұрғындары, ардагерлер қатысты.

Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Түркістан қаласында 512 отбасы, яғни 3 мыңнан астам адам баспаналы болды. Ал, былтыр облыс көлемінде 3564 азаматқа пәтер кілті табысталды.  Түркістандық тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

Түркістан облысында жыл басынан бері 35 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы қаралды. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне жұмыспен қамту көрсеткіштерін сапалы орындауды, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асырып, тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды.

Түркістан облысы: өңірлік патриоттар форумында еңбек адамдары ұлықталды

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай өңірлік патриоттар форумы ұйымдастырылды. Маңызды жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, мәслихат депутаттары, түрлі сала өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Салтанатты іс-шарада ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.

Түркістан облысының сауда орындарында отандық өнімдерге басымдық берілген

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық өнімдердің сауда орындарындағы қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары талаптарына сәйкес, сауда объектілерінде отандық тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық өнімдердің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар міндеттер көзделген.

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстары күшейтілді

Түркістан облысында орман, дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу шараларына дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Күштер мен құралдардың практикалық іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында осы жылдың 28-29 мамыр күндері «Өрт-2026» оқу-жаттығу өтті. Биыл өңірде орман, дала немесе егістік алқаптарында өрттің таралуын тоқтату үшін минералданған жолақтарды жүргізу бойынша жалпы ұзындығы 9 602,49 шақырым көлемінде жоспар бекітілген. Жоспарға сәкес І кезеңмен жоспар 100 пайыз орындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды.