Түркістан облысы: кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтановтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында екі негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда, жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушыларының сауықтыру лагерьлерімен қамтылуы және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ жазғы шомылу маусымында кәмелетке толмағандардың судағы қауіпсіздігін сақтау мәселелері талқыланды.

Түркістан қаласында мектеп оқушыларына «Эко-Трак» жобасы таныстырылды

Түркістан қаласындағы №32 «Келешек» мектебі алаңында «Эко-Трак» жобасы таныстырылды. Бұл – «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. Жоба – «Катко» компаниясының бастамасымен Созақ ауданының 5 мектебінде «Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Түркістан облысы: Келесте халық үніне құлақ асатын әкімдік қағидаты жалғасуда

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында көтерілген мәселелердің орындалуын жеке бақылауына алды. Қоғамдық қабылдауда Абай ауылының тұрғыны өзі тұратын тұрғын үй маңындағы Араншы каналынан өтетін арыққа байланысты мәселе көтерген болатын.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Алтын алқа» иегерлерінің саны 2243-ке жеткен

Жетісай ауданында «Аналар күні» мерекесіне орай көпбалалы аналарды ұлықтаған тағылымы мол салтанатты шара өтті. Анаға деген құрмет пен ізеттің айқын көрінісіне айналған мерекелік жиында алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары табысталып, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы ерен еңбектері ерекше дәріптелді.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында халық игілігіне бағытталған жобалар жіті бақылауда

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы инфрақұрылым және ауыз су жүйелерінің жай-күйімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен бірнеше елді мекенді аралады. Іссапар барысында аудан басшысы Абай–Ұйымшыл елді мекендері арасындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударды.

Түркістан облысы: «Ауыл аманаты» табысты арттырудың тиімді тетігі

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында өндірістік кооперативтерді дамыту және отбасының цифрлық картасындағы D және E санатындағы отбасыларды С санатына өткізу бағытында жиын өтті.

Түркістан: Сауран ауданындағы Аша елді мекенінде электр желісі жаңартылуда

Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінде электрмен қамту жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында бірқатар инфрақұрылымдық шаралар қолға алынған.

Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы күрес талапқа сай жалғасып келеді

Қазақстанда шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен аса түрі мекен етеді. Оның ішіндегі ең қауіптісі – Марокко шегірткесі (Dociostaurus maroccanus). Ол ауыл шаруашылығына ең көп зиян келтіретін, аса қауіпті үйірлі шегіртке түрлерінің бірі. Бұл жәндіктер 1 шаршы метрге 200-300-ге дейін бірігіп әрекет етеді. Мерзімінде анықтап тиісті шараларды атқармаған жағдайда өсіп тұрған дәнді дақылдарды, жайылымдарды, жоңышқаны және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын талғамай жеп, шаруаларды шығынға батырады.