Түркістан облысында халықты еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстар жанданады

Түркістан облысы әкімдігінде өткен апталық аппараттық мәжілісте халықты жұмыспен қамту шараларының орындалу барысы қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы саладағы мәселелер мен түйткілдерді тарқатып, жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.

Түркістанда дарынды оқушылармен еркін форматта кездесу өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Түркістан облысында «Жарқын болашақ – бақытты баладан басталады» тақырыбында дарынды балалармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев халықаралық және республикалық білім, ғылым, өнер және спорт додаларында жеңімпаз атанған 40 оқушымен дөңгелек үстел форматында жүздесті. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары жас дарындарды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктері өңірдің ғана емес, елдің мақтанышы екенін атап өтті.

Түркістанда ерекше балаларға арналған «Шексіз әлем» атты мерекелік кеш өтті

Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қатысуымен «Шексіз әлем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мазмұнды шараның мақсаты – ерекше балалардың шығармашылық және спорттық жетістіктерін насихаттау, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсету.

Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды

Түркістан облысында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оған мыңнан астам бала қатысты.  Мерекелік іс-шарада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыру – мемлекеттің және қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Сарыағаш ауданы Дербісек елді мекеніндегі ауыз су мәселесі заң аясында шешілу үстінде

Сарыағаш ауданының Дербісек елді мекеніндегі «ТП-32» ауыз су ұңғымасына қатысты мәселе бүгінде облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Аталған су нысаны ұзақ жылдар бойы «Рауан» ЖШС-нің пайдалануында болған. Алайда биылғы жылдың 25 сәуірінде жалға алу мерзімінің аяқталуына байланысты мәселе сот тәртібімен қаралды. Нәтижесінде, «Рауан» ЖШС-нің жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттарының күші жойылды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға облыстың қала-аудандарынан келген азаматтар түрлі коммуналдық, жер, кәсіпкерлік және өзге де салаларға қатысты мәселелерді көтерді.

Түркістан облысы: Арыстағы балалар үйі тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй тарту етілді

Арыс қаласында 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында және қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткен тағылымды шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, мерекелік дастархан жайылды.