Сондай-ақ, қызметкерлер арасында алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай қолданукеректігі туралы тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бөлім тарапынан шығарылған көрнекті жадынамалар қызметкерлерге таратылды.
«Улы газ-бұл иісі мен дәмі жоқ улы газ, ол өз кезегінде оны өте қауіпті етеді. Көмірқышқыл газын ингаляциялау қауіпті, өйткені бұл өлімге әкелуі мүмкін өткір оттегі ашығуына әкеледі» деп түсіндірді төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері. Мамандар ауадағы көміртегі тотығының иісін сезу мүмкін емес екенін түсіндірді. Көміртегі оксиді немесе көміртегі тотығы дәм мен иіске ие емес, бірақ жоғары концентрацияда ол бас айналуды, бас ауруын, жүрек айнуын тудырады және естен тануға әкелуі мүмкін. Адамға көміртегі тотығымен улану үшін 5-6 тыныс алу жеткілікті.
«Пайдаланылған газбен дем алу өлімге әкеледі, атап айтқанда – көміртегі тотығымен уланудан. Егер адам газ жабдықтарында ақау бар жерде ұйықтаса, онда ол уланудың өлімге әкелетін дозасын алғаннан кейін оянбауы мүмкін» - дейді төтенше жағдайлар бөлімінің маманы.
Уланудың белгілері мен көмекті дұрыс көрсету
Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды.
Улы газдан уланудың белгілері
Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді). Концентрация 1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.
Улы газдан улану кезіндегі көмек
Мұндай жағдайда зардар шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатырса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатырса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Және де әрине «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз. Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныш алу керек.
Улы газдан уланудың алдын алу
Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауға тура келеді: тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз. автокқлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс істемеңіз.
Газ иісі мен түсінің болмайтынына және тез таралатындығына байланысты өте қауіпті. Улы газды сумен немесе басқа да заттармен басуға мүмкіндік жоқ. Газбен улану көбінесе түнгі уақытта болады. Ұйықтап жатқан адамға пеші бықсыған бөлмеде бірнеше минут болудың арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін.
Газбен уланудың жиі орын алатын түрі иіс тию деп аталады. Әдетте, бұл пешті қолдану қағидаларын бұзу салдарынан немесе өрт кезінде болады. Газбен улану жағдайы көлікті гаражда қыздыру немесе жөндеу кезінде де орын алып жатады.
Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен, жанып жатқан отын бықсуынан, түтіндеуінен адамдарға иіс тиюі ықтимал екендігін ескертеді.
Иіс тиюдің алдын алу үшін ең алдымен пеш дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Мысалы, адамдар ұсақ дүние деп қарайтын пештегі кішкентай жарық, пеш түтіндігінің дұрыс тартпауы, осының бәрі қайғылы жағдайға себепкер болуы мүмкін.
Сондай-ақ, үйді жақсы желдету керек. Көпқабатты тұрғын үйлерде газдан улану, әсіресе күздің аяғында немесе қыстың басында орын алады. Орталық жылу әзірге қосыла қоймаған соң, адамдар үйлерін газ плиталарды қосу арқылы жылытады. Желдеткіштері дұрыс жұмыс істемейтіндіктен газ плитаның өзі адам өміріне қауіп төндіреді.
Улану белгілері әр түрлі болуы мүмкін, ағзаның жалпы жай-күйіне, бұрыннан бар аурулардың қозуы және басқа да мән-жайлар. Дегенмен, сіз бастың айналуына, бастың ауруына, жүректің айнуына, құсу, құлақтағы шуға, ентігу, жөтел және көздің жасаурауына міндетті түрде көңіл бөліңіз. Бұл иіс тиюдің симптомдары болуы мүмкін.
Иіс тиген адам кейбір жағдайларда тым ширақтық байқатуы, кейде керісінше әлсіздік және ұйқышылдық байқалады. Сондай-ақ, адамның вестибулярлық аппаратының жұмысы бұзылып, есту, көру қабілеттері нашарлауы мүмкін (тепе-теңдікті жоғалту, өзін –өзі ұстай алмау). Бұл белгілер естен тануға себеп болады. Ауыр және орташа санатты улану кезінде жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысында проблемалар болуы мүмкін. Аритмия пайда болып, қан қысымы мен дене температурасы төмендейді. Осындай жағдайда зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілмесе, жүрек тоқтап немесе миокард инфарктісі орын алып, адам қайтыс болуы да мүмкін.
Алғашқы көмек туралы айтар болсақ, улы газбен уланғанда (бас айналуы), адамды таза ауаға шығару қажет. Ауыр және орташа санаттағы иіс тию кезінде адамды ауруханаға жатқызу керек.
Тез арада медициналық жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз. Мұндай кезде оқиғаның қалай өрбитінін болжау қиын: кейде зардап шегуші жүрегінің тоқтап қалуынан бірден қайтыс болып кетеді. Кейде тырысулар басталып, адам сал ауруына шалдығуы мүмкін.
Байқалуы мүмкін тыныстың тежелуі және өзге де белгілер, дәрігерлердің дер кезіндегі көмегін қажет етеді. Газбен улану қауіпті. Ол бас миы, тыныс алу ағзаларының, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының асқынуына септігін тигізе алады. Уақытылы көрсетілген дәрігерлік көмек осы айтылған жағдайлардың алдын алуға себеп болады.
Улы газ - жану өнімдерінің ең улы компоненттерінің бірі. Улы газбен улану кейде өлімге әкеп соқтыруы мүмкін сыни жағдайлардың бірі болып табылады. Улы газдың - иісі де, түсі де, дәмі де мүлдем жоқ, жану процесі кезінде барлық жерде, тіпті пеште де улы газбен улану болуы мүмкін. Өкінішке орай, газдан уланудан көбінесе адамдар құрбан болады. Әдетте, ақаулы пештің нәтижесінде, өрт ошағы кезінде, қозғалтқышы қосылған жабық автомобилде улы газбен улану басталады. Улы газ немесе көміртегі монооксиді бар немесе көміртегі тотығы (СО) «үнсіз өлтіруші» деп жиі аталады. Оны көзбен көру мүмкін емес. Сонымен қатар, газ тез тарайды, ауамен араласады.
Тыныс алу кезінде ағзаға түсіп, ол өкпеден қан жүйесіне өтеді, онда гемоглобинмен қосылады. Нәтижесінде қан тіндерге оттегіні тасымалдау және жеткізу қабілетін жоғалтады және ағза оның жетіспеушілігін тез сезеді. Бірінші кезекте ми зардап шегеді, бірақ зақымдануы мүмкін басқа да ағзалар – жалпы денсаулық жағдайына байланысты болады. Тұншықтырғыш газбен улануды тануға мүмкіндік беретін шешуші сәт бір ғимаратта бір мезгілде адамдардың көп мөлшерде улану белгілерінің бірдей байқалуы немесе адам сол жерден кеткеннен қейін жағдайының жақсаруына байланысты болады. Тұншықтырғыш газбен уланудың алғашқы белгілері - көрудің нашарлауы, естудің төмендеуі, маңдай аймағындағы жеңіл ауырсыну, бас айналу, жүрек соғысының баяулауы, үйлестіру мен ойлаудың төмендеуі. Осы сезімдер кезінде дереу бөлмеден шығып, таза ауаға шығу керек. Алғашқы көмек тез берілуі керек және оны білікті маман көрсетуі керек.
Тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу:
1. Тек жарамды құрал-жабдықты пайдаланыңыз. Пеш қоймасындағы жарықтар, ластанған түтін және сол сияқты "ұсақ-түйектер" ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.
2. Бөлмені дұрыс желдетіңіз, бөлмеде таза ауа болуы маңызды. Егер газ плитасын жылыту үшін пайдалансаңыз, улы газбен уланып қалуыңыз мүмкін, сақ болыңыз.
3. Көмір жанып кеткенше пеш қақпағын жаппаңыз.
4. Автоәуесқойлар, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде гаражда жұмыс жасамаңыз. Бұл жерде желдету жиі дұрыс жүрмеуі мүмкін, сондықтан күрделі жағдай туындағанда тағдырдан көрудің қажеті жоқ. Жоғарыда аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, біз адамдардың улы газдан улануы мен қаза болуын болдырмаймыз және жеке тұрғын үй секторындағы тұрмыстық өрттердің санын едәуір қысқартамыз деп үміттенеміз. Есіңізде болсын - улы газ аяусыз, ол тез әрекет етеді, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз сіздің жылдам қабылдаған шешіміңізге байланысты болады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Өрт шыққан кезде әркім білуге тиісті қауіпсіздік ережелері
Өрт шыққанын білгенде…
Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. «Менен де басқалар хабарласқан шығар» деп отыруға болмайды;
Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;
Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;
Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;
Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;
Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;
Өрт шатырда немесе жертөледе шықса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік-терезелерді, люктарды жауып тастау керек;
Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.
Не істеуге болмайды?
Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;
Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді;
Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;
Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды.
Зардап шеккендерге алғашқы көмек
103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз;
Күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды. Күйген жеріндегі киімін қиып, теріге жабысқан күйі қалдыру керек. Күйікті спирттелген немесе марганец ерітіндісіне батырылғын матамен жабады;
Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап, ыстық сусын беріп, жылылау керек;
Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.
Өрттің алдын алу үшін:
Үйде темекі шекпеңіз. Толық сөндірілгеніне көзіңіз жетпей терезеден лақтырмаңыз;
Тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз;
Өртке арналған сатылар мен төтенше жағдайда шығатын есіктерді жаппаңыз;
Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды;
От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;
Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз:
Өрт сөндірушілер — 101
Полиция — 102
Жедел жәрдем — 103
Газ апатынан құтақру қызметі — 104
Құтқару қызметі — 109
Өрт - әрдайым алапат, ауыртпалық, бақытсыздық. Соған қарамастан, көпшілік адамдар өрт кезіндегі қарапайым ережелерді білмейді. Бала күннен белгілі – «101-ге қоңырау шалу»-дың өзін үрей, байбалам кезінде естен шығарып, ұмытып кетіп жатамыз. Басты ереже - ешқашан үрейленіп, байбалам күйге түспеу!
Өрт қауіпі өнеркәсіп пен мекемеде ғана емес, тұрмыста да кездеседі: - тұрғын үйде, жеке автокөлікте және көлікжайда да, саяжайлық аумақта және т.с.с. Сондықтан, өнеркәсіпте қамтамасыз еткендей, тұрғын жай және басқа орындарды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш және т.с.с.) қамтамасыз ету қажет.
Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерде:
- жанғыш заттар, жеңіл тұтанғыш заттар және газ баллондарды балкондарда және лоджияларда сақтауға;
- төсекте және арнайы темекі шегуге әзірленбеген жерлерде темекі шегуге;
- екі қабаттан жоғары үйлерде газ балондарын қолдануға;
- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
- әзірленіп жатқан асты газ немесе тоқ плитасында қараусыз қалдыруға және тұрмыстық электр құрылғыларын (теледидар, үтік, шәйнек, шаш кептіру құрылғысы және т.с.с.) тоққа қосылған күйінде қалдыруға;
- балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
Ең бірінші әрі міндетті ережені есте сақтаңыз: пәтерде түтіннің әлсіз иісі келген кездің өзінде, ашық жалынның өзін айтпағанда, «101» немесе «112» ге қоңырау шалу керек.
Өртті өз күшімен сөндіру көп жағдайларда нәтижесіз болады да уақытты жоғалтуға себеп болады және ол өрттің едәуір өршіп таралуына әкеліп соғады.
Өрт сөндіру қызметіне хабарласқаннан кейін, ересектер мен балаларды, қарттар мен сырқат адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, жақын пәтерлердегі көршілеріңізді хабардар етіңіз. Пәтердегі немесе саты алаңындағы электр қалқанын қолданып электр көзін өшіріңіз. Ас бөлмесіндегі газ келетін жүйені жабыңыз. Егер сіздің үйіңіз түтін шығару жүйесімен қамтамасыз етілген болса , оны іске қосыңыз. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей өртті қолда бар құралдармен – шелектегі сумен, өрт сөндіру құралымен, дымқыл тығыз матамен және т.с.с сөндіруге кірісіңіз.
Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары
Жаз мезгілі де жақындап келе жатыр. Суға шомылу, күнге қыздырынудың жанға жайлы екені белгілі. Әсіресе кішкентай балалар суға шомылғанды қатты жақсы көретіні жасырын емес. Алайда, балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке әкеп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегідей қаупісіздік шараларын орындаған жөн дейді Төлеби аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары:
1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.
Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
2). Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық сулардашомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
3). Тырысу (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз
4). Су иірімінен шығудың тәсілдері.
Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз.
Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
5). Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет.
Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.
Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
6). Суық судың қауіптілігі.
Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық
суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда , ашыққанда , мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан сон-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық- суда әрібір секунд қымбат.
Мұны әркім істей білуі тиіс
БҰЛ МАҢЫЗДЫ!
Сіңір тартылғанда:
Қолдардың саусақтары: жұдырықты білезікке жылдам, қатты бүгіңіз, қолды жан-жаққа кенет лақтырғандай қимыл жасаңыз және жұдырық жұмыңыз.
Балтыр-аяқ бұлшықтары: бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қатты тартыңыз.
Жамбас-сан бұлшықтары: аяқты сирақтың сырт жағынан (алқымның сыртынан) ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз.
Егер сіңірдің тартылуы кетпесе - әдісті қайталаңыз!
Иірімге тап болсаңыз:
Ауаны көп жұтыңыз, суға батып кетіңіз де, ағысқа қарай қатты жұлқынып, жоғары қалқып шығыңыз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»