Сәрсенбі, 15 Наурыз 2023 11:34

Шымкент: «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының инспекторлары қала аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шара аясында тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Осылайша мегаполисте он бес тәулік ішінде заңсыз құс, аң аулаушылармен жасалған 26 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Атап айтқанда,

- ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) – 7;

- ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) – 1;

- ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу– 2;

- ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) – 16.

Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет» деп тапсырма берген еді. Соның аясында заң күшейтілді. Жұмыстар жүргізілуде.

Оқылды 254 рет