Сенбі, 06 Желтоқсан 2025 18:52

Түркістан облысы: тарихи-мәдени орындардың инфрақұрылымын жақсарту мәселесі қаралды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Мемлекет басшысы мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда өңірдегі тарихи-мәдени мұра насындарын сақтау және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Мәжіліс барысында туристік бағыттағы жобаларды дамыту, тарихи-мәдени мұралар тізіміне енген елді мекендерді насихаттау, мәдени шаралар өткізу бағытындағы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ тарихи-мәдени нысандарға экспедициялар ұйымдастыру, тарихи тұлғалар мен оқиғаларды көрсетуге арналған мультимедиялық және голографиялық материалдар дайындау, Түркістан мұражайларында бейне инсталляциялар мен виртуалды көрмелер ұйымдастыру, турөнімдер жасау, халықаралық байланыстарды нығайту секілді бірқатар ұсыныстар мен жобалар айтылды.

Жиында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб, Әмір Темір мемориалы, сондай-ақ Отырар қалашығы мен Бердібек сарайы сынды тарихи орындарды сақтау, инфрақұрылымын жақсарту мәселелері де сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Айта кетейік, жалпы облыста 1780 тарихи-мәдени мұра нысаны бар. Оның ішінде 167 нысан халық көп шоғырланатын, туристердің келуіне ынғайластырылған және мемлекеттік тізімге енгізілген маңызды орындар қатарында.

Жалпы, облыста 1780 тарихи-мәдени мұра нысаны болса, оның 1500-ден астамы археологиялық зерттелген және зерттеуді қажет ететін обалар қорымы мен төбешіктер. 167 нысан халық көп шоғырланатын, туристердің келуіне ынғайластырылған, зиярат ететін, мемлекеттік тізімге алынған тарихи-мәдени мұра объктілері болып саналады. Солардың кейбіріне қысқа-нұсқа тоқтала кетсек.

“Әзірет Сұлтан” тарихи-мәдени кешені

Түркістан қаласы аумағында орналасқан. Кешенге келесілер кіреді: Қ.А.Ясауи кесенесі, Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шақшақ Жәнібек,  Рабия Сұлтан Бегім кесенесі  Үлкен Қылует Қаз Дауысты Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай, Жауғаш батыр және басқада ұлы тұлғалардың жерленген жері. Қ.А.Яссауи кесенесі ХІҮ ғасырдың соңы Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи кесенесі XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына соғылған. Кесене – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.

Күлтөбе (Ясы, Түркістан) қалашығы, б.з.д. ІІ ғ. – ХІХ ғ.ғ.

Күлтөбе Ортағасырлық  Түркістан қаласының шығыс жағында, Қ.А. Яссауи  кесенесінен оңтүстікке қарай 480 м жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 235 м. Сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік болып келеді. Ескерткіштің топографиясы қатты өзгеріске ұшыраған. Күлтөбеде алғашқы болып археологиялық қазба жұмыстары 1972-1974 ж.ж. Т.Н.Сенигова басқарған Түркістан отряды тарапынан жүргізілді. Белгілі археолог Е.А. Смағұловтың пікірінше қала б.з.д. ІІ ғ. Жібек жолымен қатар қалыптасқан.

Сауран қалашығы,  ХІІІ-ХVІІІ ғғ.

Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Ортағасырлық Сауран қаласының Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының  мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы», әрі Жібек жолы  бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алар орны ерекше. Сауран қаласы жайлы ортағасырлық  деректерде көптеген мәліметтер кездеседі. Қаланың тарихы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі  моңғол шапқыншылығына дейінгі  VІ – ХІІІ  ғасырларды қамтыса,  екінші кезеңі ХІV – ХVІІІ ғасырларды алып жатыр.

Ақбура әулие

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылынан 6 шақырым шығыста орналасқан. Кесене жобада бір күмбезді, төртбұрышты пішінде, қабырғалары түрлі оюлармен өрнектеліп, күйген кірпішпен өрілген. Күмбезі аспан түстес сырмен боялған. Кесененің ұзындығы – 9,8 метр. Ені – 9 метр. Биіктігі — 6 метр. Күмбезі – 3 метр. Түрлі ауруға ем болатын бұлақ және кесене адамдардың зиярат ету орнына айналған.

Отырар қалашығы І – ХVІІІ ғғ.

Отырар ауданы, Талапты ауылының оңтүстік шетінде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсына жақын орналасқан. Қалашықтың келбеті Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тән. Цитадель мен шахристан биіктігі 18 м келетін бес бұрышты төбе түрінде. Төбенің аумағы – 20 га. Айналдыра қабырғамен қоршалған. Оның кей тұстары қазірдің өзінде 75-800 тік. Қабырғада мұнаралар болған, олар қабырғаның сыртына шығып тұрған дөңгелекше келген төбешіктер түрінде сақталған. Қабырғаның сыртында жайпақ сай түріндегі ор көрінеді, оның тереңдігі 2-3 м, ені 10-15 м. Қалаға үш қақпа арқылы кіретін болған. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы, оңтүстік және солтүстік-шығыс қабырғада, үшіншісі батыс қабырғаның ортасында орналасқан.

Созақ қалашығы Х-ХVІІІ ғғ.

Орналасқан жері: Отырар ауданы, Маяқұм ауылының солтүстігінде 9,5 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан. Зерттелуі: 1900 жылы Н.В.Руднев қазба жүргізіп зерттеген. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) зерттеген. Қысқаша анықтамасы: Ғылыми әдебиетте Оқсыз Әбу Насыр әл-Фараби туған ортағасырлық Весидж қаласы деп есептеледі. ХІІІ ғасырда қала Зернук деген басқа атпен белгілі болған. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан. ХІІІ ғасыр ортасында Зернук қаласы армян патшасы Гетум саяхатының сипаттамасында аталады.

Созақ қалашығы Х-ХVІІІ ғғ.

Орналасқан жері: Отырар ауданы, Маяқұм ауылының солтүстігінде 9,5 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан. Зерттелуі: 1900 жылы Н.В.Руднев қазба жүргізіп зерттеген. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) зерттеген. Қысқаша анықтамасы: Ғылыми әдебиетте Оқсыз Әбу Насыр әл-Фараби туған ортағасырлық Весидж қаласы деп есептеледі. ХІІІ ғасырда қала Зернук деген басқа атпен белгілі болған. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан. ХІІІ ғасыр ортасында Зернук қаласы армян патшасы Гетум саяхатының сипаттамасында аталады.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 79 рет