Қажымұқан атындағы стадион жаңа келбетке ие болады
Жыл басында «Ордабасы» футбол клубының демеушілігімен стадиондағы табиғи газон толықтай ауыстырылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл жұмыстарды тәжірибелі компания жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны – 78 млн теңге, оның ішінде газонды ауыстыруға – 54 млн теңге, ал суару жүйесіне – 24 млн теңге жұмсалды. Бұған қоса, жүгіру жолақтары халықаралық стандарттарға сай қайта жабдықталып, көк түсті сапалы тартан жабыны төселді. 8 жолақ қарастырылған жаңа алаңды жабдықтау 380 млн теңгеге түсіп, ол да демеушілердің қолдауымен іске асырылды.