Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында үстел теннисінен жастар арасындағы халықаралық дода басталды

Сарыағаш қаласындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде» өткен үстел теннисінен жастар арасындағы Орталық Азияның командалық чемпионаты басталды.  Сайысқа арнайы барған аудан Арман Абдуллаев жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілеп, тартысты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар салтанатты шара барысында спортшылар арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылып, үстел теннисінен шеберлік ойындары көрсетілді. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мәслихат депутаттары және спорт саласының өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Жетісайда қазақ күресінен халықаралық турнир өтті

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ұлттық спорт клубы» КММ ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2011-2012 және 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Түркістан облысы: Таскескен ауылында заманауи спорт алаңшасы ел игілігіне тапсырылды

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру бойынша берген тапсырмалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Түркістанда тұңғыш рет өткен түнгі марафонға 3 мыңға тарта атлет қатысты

Түркістан қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Turkestan Night Run – 2026» атты алғашқы түнгі жүгіру марафоны өтті. «Turkestan Night Run – 2026» – тек жүгіру жарысы емес, Ұлы Жібек жолының рухын заманауи форматта жаңғыртқан түнгі фестиваль. Іс-шараның басты ұраны – «Сен жай ғана жүгірмейсің – сен ғасырларға созылған жолдан өтесің». Бұл идея қатысушыларға ежелгі керуен сапарын символикалық түрде сезінуге мүмкіндік береді.

Түркістан облысы: Сауранда 500-ге жуық адам қатысқан бірлік марафоны өтті

Түркістан облысы Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде Сауран ауданының құрылғанына 5 жыл толуы және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ашық жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Сонымен қатар іс-шара аясында интернет алаяқтық пен нашақорлыққа қарсы түсіндіру және алдын алу жұмыстары қатар жүргізілді.

Отырар ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің дәстүрлі 63-ші турнирі өтіп жатыр

Отырар ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 63-ші дәстүрлі турнирдің ашылу салтанаты өтті. Шәуілдір ауылындағы «Оқсыз» спорт кешенінде басталған биылғы турнирдің өзіндік ерекшелігі бар. Биылғы айтулы додаға облыстың аудан-қалаларынан келген 100-ден астам балуан 60, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтап, боз кілемде бақ сынауда.

Сарыағаштық жас спортшылар Азия біріншілігінде жүлделі орындардан көрінді

2026 жылғы 24-26 сәуір аралығында Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатына Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан 22 жас спортшы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 5 спортшы – І орын, 7 спортшы – ІІ орын және 10 спортшы ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз атанған жас спортшылар «Альфа» спорт клубында жүйелі түрде жаттығып келеді.

Түркістан облысының ауыр атлеттері Өскеменде өткен ел чемпионатынан жүлделі оралды

Түркістан облысының ауыр атлетикадан құрама командасы Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты. Жеке жаттығулар бойынша 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионатында Түркістан өңірінен қатысқан бірқатар спортшылар жүлделі орындарға ие болды.