Жетісайда спорт ардагерлері арасында халықаралық турнир өтті
Түркістан облысы Жетісай ауданында спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан талантты бапкер, білікті басшы, Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ құрылғанына 5 жыл толуы мен клуб директоры Таласхан Битуреевтың 50 жас мерей тойына орай кіші футбол мен волейболдан 50 жастан асқан ардагерлер арасында халықаралық турнир ұйымдастырылды. Аудан спортын дамытуға бағытталған айтулы шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс аумағындағы аудан-қалалардан, көршілес Өзбекстан Республикасынан командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир барысында әр команда өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.