Бокстан Азия чемпионатында шымкенттік Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласындағы U22 санатындағы Азия чемпионатында Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды. Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Рахматулло Бойматовпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал Бойматов күміс жүлдені қанжығасына байлады. Айта кетейік, бірінші раундта төреші Санжарәлі Бегалиевтен бір ұпай шегерген болатын.