Түркістандық Самат Рысбеков Азия чемпионы атанды

Ақтау қаласында өткен жасөспірімдер мен спорт шеберлері арасындағы Азия және Океания чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте жасөспірімдер арасында да, спорт шеберлері арасында да І орынды иеленді.

Түркістанда Мұхтархан Ділдәбеков жүлдесіне арналған халықаралық турнир мәресіне жетті

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIV халықаралық турнир қорытындыланды.

Түркістан қаласында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада басталды

Түркістанда 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық спартакиада басталды. Дәстүрлі спорттық додаға 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып жатыр.  Спорттық сайыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістан қаласында Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық бокс турнирі басталды

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, ҚР Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIV халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы бадам ауылында балалар алаңшалары халық игілігіне берілді

Ордабасы ауданында тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында балалар ойын алаңшалары мен спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүргізіліп, кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Бүгін Бадам ауыл округіне қарасты Ақбұлақ ауылында заманауи талаптарға сай салынған екі бірдей балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде ел игілігіне тапсырылды.

Түркістан облысы: Түлкібастағы атшабарда ұлттық ойындар шеруі өтті

Ұлы Жеңістің 81 жылдығы құрметіне Түлкібас ауданы атшабарында «Ұлы Жеңіске тағзым» атты ұлттық спорт ойындарынан ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шара ұлттық ат спорты ойындарының әсерлі шеруімен бастау алды. Шеруді КСРО-ның 9 дүркін чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері Әбілхан Дауылбаев бастап шықты. Ардақты азамат көпшілікке ақ батасын беріп, дүбірлі додаға сәттілік тіледі.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді

Төлеби ауданы Аққұм ауылында «Мұхит Әлі» атындағы спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Қуанышты сәтке аудан және облыс тұрғындарымен қатар көршілес Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан арнайы келген қонақтар қатысып, ақжарма тілектерін жеткізді.

Түркістанда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өткізілді

Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартқа сай ескек есу арнасында триатлоннан супер-спринт қашықтығы бойынша Elite санаты және U23, U19, U17, U15, U13 жас ерекшеліктері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Орта Азияда теңдесі жоқ, халықаралық талаптарға сай салынған ескек есу каналы еліміздің спорт инфрақұрылымындағы бірегей нысандарының бірі саналады. Заманауи кешен республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары дәрежеде өткізуге толық мүмкіндік береді.