Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

10 тамыз – хакім Абайдың туған күні. Бүгін, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туғанына 180 жыл толды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген ұлы тұлға.

Жас оқырмандар хәкім еңбегімен танысты

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілді. Абайдың 180 жылдығы 1-10 тамыз аралығында 10 күн атап өтіледі. Осындай шаралардың бірі  Шымкент қаласындағы орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №9 кітапхана бөлімшесінде ұйымдастырылды. 

Абай елінде Түркістан олысының мәдениет күндері өтті

Абай облысында Түркістан облысының мәдени күндері қорытындыланды. Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шара Семей қаласында жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен жолға шыққан мәдени керуен абайлықтардың алғысына бөленді.

Шымкенттің мәдени тынысы: Өнермен тыныстайтын шаһар

Шымкент қаласы — ежелгі өркениеттің ізі қалған, мәдениет пен сауданың тоғысқан тарихи мекені. Қала атауы өзгеріп, заманауи даму үрдісіне сай жаңарғанымен, оның жүрегі — әрқашан өнер мен өмірге құштар, шығармашылыққа бай халықпен бірге соғады.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу: Шымкентте Абай мұрасының жас ұрпаққа әсері

Орталық саябақта қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, ағартушы, ойшыл және композитор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық даналығы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Бұл мерекелік іс-шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте өтті.

Ашық аспан астында Түркістан әуендері шырқалды

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жібек жолы саябағында «Жазғы әуен – жүрек үні» атты концерттік бағдарлама мен қатар, «Жазғы демалыс – спортпен!» ұранымен ашық алаң ойындары өтті.

Шымкентте тамыз айында бірқатар мәдени іс-шара өтеді

2025 жылдың тамыз айында Шымкент қаласында маңызды мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл айда ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған мерейтойлық бағдарламалар мен ел тарихындағы елеулі оқиғаларды атап өтуге бағытталған шаралар өткізіледі.

Шымкенттегі Ескі қалашыққа бардың ба?

Шымкент өз тамырын көне замандардан алатын, Орталық Азиядағы тарихы бай қалалардың қатартына жатады. Миллионнан астам тұрғыны бар мегаполистің тарихи-орны «Шымкент ескі қалашығы» – жергілікті маңызы бар, тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық нысаны.