ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ
Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен баспасөз жиынында кеңінен баяндалды. Қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ең таңдаулы қойылымдарын киелі шаһардағы көрерменнің назарына ұсынбақ.