Бейсенбі, 13 Қараша 2025 18:22

Кентау қаласында суретші Болат Исабековтің «Көңіл толқыны» атты жеке көрмесі өтті

Кентау қалалық музейінде суретші, ұстаз, шығармашылық тұлға, «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайнерлер одағының мүшесі Болат Исабековтың «Көңіл толқыны» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қала тұрғындары мен өнер сүйер қауым қатысты. Қала басшысы суретшінің шығармашылығына жоғары баға беріп, оның еңбегі жас ұрпаққа өнеге екенін атап өтті. Болат Исабеков – Кентау қаласының тумасы, бейнелеу өнеріне өмірін арнаған тәжірибелі ұстаз. Ол бүгінде Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі және Хантағы шығармашылық үйінің сурет үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқарады.

Суретші қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің жүлдегері. Оның туындылары «Бабалар аманаты» халықаралық альбом-каталогына енген және бұл жинақ бүгінде АҚШ-тың Бостон университетінің кітапханасында сақтаулы. Көрме барысында қатысушылар автордың акварель техникасындағы ерекше туындыларымен танысып, суретшінің шығармашылық жолына сәттілік пен шабыт тіледі.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 162 рет