Shymkent Creative Hub: Қой жүнінен гобелен жасайтын Ғазиза

Шымкент қаласында еліміздің экономикалық және мәдени дамуына серпін беріп, қолөнершілерге қолдау көрсетіп келе жатқан креативті индустрия ассоциациясының құрамында бүгінде 150-ге жуық мүше бар. Аталмыш ассоциацияның негізгі мақсаты – шығармашылық саласындағы кәсіпкерлерді біріктіріп, олардың ресми тіркелуіне, кәсіби дамуына жағдай жасау. 

Айта кетейік, креативті индустрия ассоциациясы мен мемлекеттік қолдау арқасында Шымкентте қолөнер шеберлері үшін ерекше жағдайлар жасалып келеді. Мысалы, шығармашылық хабтарда өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріліп, кәсіпкерлердің заңды тіркелуі басты талап ретінде қойылады. Бұл жағдай шығармашылықпен айналысатын азаматтардың өз өнімдерін нарыққа шығаруға, әлеуметтік желілерде насихаттауға және тапсырыс алуына оң ықпал етеді.

Шымкентте көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде рәсімделуі қатаң бақылауда

Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету – тіл саясатының басты мақсаты. Осы орайда 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында кәсіпкерлік нысандардағы маңдайша, жарнама, мәзір және бағалар мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуі міндеттелген.

Шымкентте «Асыл мұра» өнер фестивалі өтті

Қазақтың рухы – күй мен жырда, әуез бен сазда. Бабалар аманатын арқалаған қара домбыраның үні естілсе, жүрек тебіреніп, елдің жан дүниесі жаңғырады. Осындай асыл өнердің арнасын кеңейтіп, ұрпақ санасына сіңіру үшін Шымкент қаласында «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтті. Айта кету керек, шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Шымкент: Әдебиеттанушы ғалым, көрнекті қаламгер Бегман Ысқақтың 85 жылдық мерейтойы атап өтілді

Әр дәуірдің өз абызы, өз ұлағатты ұстазы болады. Солардың бірі – қазақ әдебиетінің қазынасын зерттеп, ұлттық руханияттың көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған профессор, әдебиеттанушы ғалым, көрнекті қаламгер Бегман Ысқақ.

Өзбек этносы күні Шымкентте аталып өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кең көлемде аталып өтті. Бұл мерекелік іс-шара еліміздегі өзбек этномәдени бірлестіктерінің құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, қос мерекенің қуанышын еселей түсті.

Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор

Бүгін Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.