Қуыршақ театрында - премьера!

Шымкент қалалық қуыршақ театрында Б.Вегенастың ертегісінің желісімен сахналанған «Қасқыр болғым келеді» атты жаңа қойылымының премьерасы қазақ және орыс тілінде өтті. Театр ұжымы жыл басынан бері 200-ден астам қойылым сахналап үлгерген. Соның ішінде «Қасқыр болғым келеді» атты жаңа спектакль де балаларға арналған ерекше тәрбиелік мәні бар туынды.

Созақ ауданында «Айгүлдің әсем әндері» атты облыстық әнішер байқауы өткізілді

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында әнші, сазгер Айгүл Бажанованың шығармашылығына арналған «Айгүлдің әсем әндері» атты облыстық әншілер байқауы ұйымдастырылды.

Шымкентте жас суретшілер арасында шығармашылық байқау өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бүгін «Қазан fest» атты жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің «Мәдениет және өнер» факультетіне қарасты «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы ұйытқы болды.

Шымкент: Қос алыпқа арналған жиын өтті

Шымкент қаласында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қазақ руханиятының қос алыбы» атты оқырман конференциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттап, олардың ұлттық рухты оятудағы рөлін көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды. 

Шымкентте ұлттық тағам мәдениетіне арналған "дән мен дәм" гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкент қаласындағы «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде ұлттық тағам мәдениетін дәріптеуге арналған «Дән мен дәм FEST» атты гастрономиялық фестиваль өтті. Іс-шараны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырды.

Шымкенттің опера жұлдызы халықаралық байқауда топ жарды

Шымкент қаласының опера және балет театры үшін бүгін – тарихи күн. Театрдың дарынды солисі Жадыра Абдуллаева Жапонияның Нагасаки қаласында өткен VI халықаралық «Madama Butterfly» опера әншілері байқауында І орынды иеленіп, ел мерейін үстем етті.