Шымкент: Қуыршақ театры 43-ші жаңа маусымын ашты

Шымкент қалалық қуыршақ театры бүлдіршіндердің асыға күткен 43-ші жаңа маусымын салтанатты түрде ашты. Театр ұжымы бұл жолы да жыл сайынғы дәстүрін жалғастырып, кішкентай көрермендерді қуаныш пен қызыққа толы думанды мерекемен қарсы алды.

Бұл күні театр залы кішкентай көрермендерге толып, олардың шат күлкісі мен бал-бұл жанған жүзі мерекелік көңіл-күйді еселей түсті. Әсіресе сахнадан шыға келген сүйікті ертегі кейіпкерлерін көрген балалардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар қуыршақ кейіпкерлерімен бірге шаттанып, әрбір қимылына елітіп, сахнадағы оқиғаларды шынайы қабылдады. Сахна шымылдығы түрілген сәттен-ақ ертегі әлемінің бояуы қанық, қиялы кең көрінісі балаларды баурап алды. Жарқыраған шамдар астында қаз-қатар тізілген қуыршақтар тіріліп кеткендей әсер қалдырды. Қойылым аяқталған соң да кішкентай көрермендер қуыршақтарды сахна сыртына шығарып салғысы келіп, қоштаспай біразға дейін қол бұлғап тұрды.

Бұл жолғы қойылым Виктор Орловтың «Мейірбан қасқыр» атты ертегісі. Әдетте халық жырларында жауыз, қатал, айлакер ретінде көрінетін қасқыр бұл жолы мүлде басқаша қырынан көрсетілді. Автор оның бойына мейірімділік пен қамқорлықты дарытып, балаларға өзгеше ой салуды мақсат еткен.

Қойылым барысында сахнада қу түлкінің қулығы мен алтын жұмыртқалайтын тауықтың тағдыры өрбиді. Түлкі айласын асырып, әлсізді қолға түсіруге тырысады. Осы кезде мейірімді қасқыр сахнаға шығып, әділеттің туын көтереді. Қасқырдың әкелік махаббаты оянып, түлкінің арам ойын жүзеге асыртпайды. Бұл сәт жақсылық пен жамандықтың күресін айқын көрсеткен көрініс болды.

Қуыршақ кейіпкерлерінің шынайы қимылы мен әсерлі үніне балалар сүйсіне қол соқты. Әсіресе қасқырдың қамқор бейнесі бүлдіршіндерге ерекше әсер қалдырды. Кейбір балалар қасқырды көргенде «міне, нағыз батыр!» деп шаттанып, қуаныштарын жасыра алмады. Ал түлкінің айлакерлігіне ду күлген кішкентай көрермендер ақыры оның жеңілгеніне мәз-мейрам. Қойылым балаларға тек қызықты сәттер ғана емес, терең тағылым да сыйлады. «Мейірбан қасқыр» арқылы жас көрермендер мейірімді болуды, әлсізді қорғауды, ата-ананы сыйлауды, адалдық пен әділетті қадірлеуді үйренеді.

Шымкентте мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге арналған семинар өтті

Шымкент қаласында «Мемлекеттік тілдің мәртебесі және қоғамдық орындардағы міндеттілік» атты семинар өтті. Іс-шараны қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырды.

Креативті индустрия: Айман Ахметқызының зергерлік бұйымдары сұранысқа ие

Айман Ахметқызы Тельходжаева — өнерге бала күнінен құштар болып өскен, өмір жолын шығармашылықпен өрнектеген жан. Ол Шымкент қаласында дүниеге келген. Кішкентайынан-ақ сурет салуға бейімі байқалып, бұл қызығушылығы уақыт өте келе оның басты кәсібіне айналды. Жастайынан сурет мектебінде оқып, кейін Қастеев атындағы колледжде білім алып, кәсіби түрде өнер саласында жұмыс істей бастайды.

Халықтың жүрегінде қалған тұлға

22 тамыз – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеден озған күні. Уақыт озған сайын халықтың жүрегіндегі сағыныш пен құрмет азайған жоқ, қайта нығая түсуде.

Созақ ауданында ерекше балаларға арналған фотожоба мен көрме ұйымдастырылды

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің қолдауымен ерекше балаларға арналған «Сен, ерекшесің» атты фотожобаның қорытынды шарасы өтті.