Шымкент: «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» дөңгелек үстелі өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынды академияның ғылыми жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сейіл Біржан Сейітұлы ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ғылым саласына қатысты айтылған басым бағыттарға тоқталды.

Шымкент: "Әпке" спектакілі сахналанды

Шымкент жастар театрында көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Әпке» атты драмалық қойылымының көптен күткен премьерасы өтті. Көркем туындыны тамашалауға келген көпшіліктің қарасы қалың болды.

Шымкент: Қараша айында бірқатар мәдени шаралар өтеді

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек қалада атқарылып жатқан жүмыстарға тоқталды. Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһарда және өңірлерде қараша айында  бірқатар айтулы мәдени іс-шаралар өтеді. 

Атап айтар болсақ, 21-22 қараша күндері мегаполисте «Miras» халықаралық түркі сәндік этнодизайнерлері форумы ұйымдастырылады. Форум аясында түркі халықтарының киім мәдениеті мен ұлттық өрнектер семиотикасына арналған ғылыми конференция, қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары мен жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ, отандық және шетелдік этнодизайнерлердің сән дефилесі мен «TURAN» ансамблінің концерттік бағдарламасы көрерменге ұсынылады. Іс-шаралар «Қызғалдақ» сарайы мен Көрме орталығында өтеді.

27-30 қараша күндері Абай облысында Шымкент қаласының мәдениет күндері өткізіледі. Шымкенттен барған шығармашылық делегация құрамында зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар бар. Бағдарлама аясында жазушы Құлбек Ергөбек пен абайтанушы Ақжол Қалшабекпен кездесулер, «Шымкент сазы» концерттік бағдарламасы, «Көне қала – Шымкент» көрмесінің ашылуы және әзіл-сықақ театрының «Не істеу керек?» қойылымы көрермен назарына ұсынылады.

Бұл шаралар – Шымкент мәдениетінің бай мұрасын дәріптеп, өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайтуды көздейді.

Бұдан бөлек ресми өкіл, қаланы жылумен қамту, көгалдандыру, газдандыру, әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Мәселен, қала әкімінің орынбасары бүкіл әлеуметтік нысандарға толықтай жылу берілгенін атап өтті. Шымкент қаласының Алтынтөбе (2-кезек) тұрғын алабын сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы қарқынды жүзеге асып жатқанын да баяндады. Шымкент қаласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз тиімділігін көрсетіп жатқанын да атап айтты. 

Мәдениет - ұлттық сана мен руханияттың тірегі

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылауға арналған мәдениет саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті. Кездесуге мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының саяси ғылымдар кандидаты Сәуле Рысбаева қатысты.

Шымкентте 20 томдық "Фарабитану" атты еңбекің тұсауы кесілді

Бүгін Шымкент қаласында ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және белгілі фарабитанушы ғалымдар, зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты.

Шымкентте халықаралық қыш өнері симпозиумы өтіп жатыр

 

Бүгін Шымкент қаласында оқушылар мен жастарды ұлттық өнерге баулу мақсатында ерекше шығармашылық іс-шара өтті. Білім беру мекемелерінің оқушылары Бейсбековтер әулетінің отбасылық «Алтын-Орда» көркемсурет галереясына арнайы экскурсия жасап, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған қыш өнері симпозиумының жұмысымен танысты.

Шымкент аспанын батпырауықтар фестивалі көркейтті

Республика күні мерекесі аясында үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шымкент аспанын түрлі түстерге бояған «Батпырауықтар фестивалі» мерекенің басты сәніне айналды.