Түлкібастық полицейлер мереке қарсаңында музей аралады

25 қазан- «Республика күні» мерекесіне орай Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан орталық музейге барып, ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің өмірбаяны, сондай-ақ қызмет көрсету барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы мәліметтермен танысты.

Жиында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ел үшін еңбегімен танылған азаматтардың еңбек жолы жайлы сұхбаттасты. Тарихи орынға саяхат кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері аға ұрпақтың дәстүрінде тәрбиелеу, музей жұмысының рөлін арттыру мақсатында орамды ойлары ортаға салынды. Тәртіп сақшыларының ерліктері полицейлерге таныстырылып, сабақтар ұйымдастырылды.

Жалпы жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын болады.

«Отырар ауданы» логотипіне байқау жарияланады

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отырар ауданы» логотипін әзірлеуіне байқау жарияланады. «Отырар ауданы» логотипі ауданды бір қарағанда танытар логотип (графикалық белгі, эмблема немесе таңба) және оны басқа туристік бағыттардан ажыратуға көмектеседі.

Отырар ауданында ардагерлердің қатысуымен Республика күніне арналаған іс-шара өтті

Отырар ауданының орталғы Шәуілдір ауылындағы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де 25-қазан Республика күні мерекесіне орай ардагерлердің қатысуымен жиын өтті.

Түркі дүниесінің ақсақалдары Түркістанда бас қосты

Түркістан қаласында«Түрік дүниесі ақсақалдар кеңесінің отырысы» өтті.

Алқалы жиынға бауырлас елдерден арнайы келген өкілдер мен Халықаралық қазақ-түрік университет ұжымы және студент жастар қатысты.
Түрік дүниесі ақсақалдар кеңесінің отырысында ТМҰ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаман өз ойларын ортаға салып, «Түркі дүниесінің келешек келбеті – 2040» тұжырымдамалық құжатты жүзеге асыруда жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Жиында Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, «Білім іздеген әрбір жастың көкірек көзі ашық болуы үшін, ең алдымен тоқтаусыз ізденіс керек. Бауырлас мемекеттер арасында, ынтымақтастықты нығайтуда түрлі оқу бағдарламаларын қолжетімді етіп жасаудамыз. Өткен тарихымызды қайта түгендеп, біртұтастығымызды көрсететін уақыт келді»,-деді.
Түрік мемлекеттер кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, «Түркі мемлекеттері ұйымының құрылып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс жасап жатқандығы қуантады. «Келешек келбеті» деп аталып отырған маңызды құжатты осылай талқылап, оған енетін әрбір бөлімге, бауырлас елдер өкілдерінің пікірлерін топтастыратын болса, расымен маңызды құжат болмақ. Ендігі кезекте, әдебиет пен өнер, білім мен ғылымның даму жолына берік көпір бола білетін, ортақ алфавит болса деген ұсынысым бар»,- деді.
Сонымен қатар, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаман «Әлем өркениетіндегі Түркі мәдени мұрасын айшықтауда атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, ортақ мәдениет пен құндылықтарды сақтау және оларды дәріптеу мен дамыту ортақ парызымыз»,- деді.
Осылайша Түрік дүниесі ақсақалдар кеңесінің отырысында келешек келбеті талқыланып, Өкілетті Кеңес Төрағасы Мұхиттин Шимшек қадірлі қонақтарға арнайы сый-сияпат табыстап, алғыс білдірді.

Түркістан: Республика күніне орай кітап көрмесі өтті

Түркістан қаласында орын тепккен Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай кітап көрмесі өткізілді.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Іс-шараға кітапхана ұжымы мен студенттер қатысты. Көрмені тамашалауға келген студенттер тек қана кітаптармен танысып қана қоймай, Республика күнінің маңызы туралы да ақпарат алды.

ҚАЗАҚ-КҮРЕСІНЕН​ ТҮРКІСТАН ​ ҚАЛАСЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ​ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2022 жылдың 20-22 қазан күндері аралығында Түркістан қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде  қазақ күресінен қалалық ашық біріншілік өтті. Шара Түркістан қаласы әкімдігінің мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «2022 жыл – Балалар жылы» аясында, «25 қазан Республика күні» мерекесіне орай, «Қала күніне» арналды. Шараға  2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер қатысты. Екі күнге созылған Түркістан қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сарсенбаев Ануар Амантайұлы және Атырау облысы ұлттық спорт түрлері Көкпар спортының аға бапкері Күнпейов Төлеген жеңімпаз спортшыларды арнайы грамота, медальмен марапаттап құттықтады.

ТҮРКІСТАН: ГРУЗИЯЛЫҚ ТАТИЯ КОБАЛАДЗЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Түркістан төрінде Түркістан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай 19-20 қазан күндері халықаралық «Voice of turan» қазақ әндері байқауы өтті.

Екі күні бойы әлем елдерінен келген қатысушылар қазақ әндерін шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, сонымен қатар еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлы Тұран даласын әнмен тербеген Халықаралық байқаудың бірінші күні шартараптан келген қатысушылар елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Екінші күні қатысушылар алдымен Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін бірге орындады. Содан соң байқау талабы бойынша қазақтың танымал әндерін орындап, қазылар алқасының бағасын алды. Әділ қазылар құрамында композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов (қазылар алқасы төрағасы), әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның, Татарстанның Халық әртісі «Құрмет» орденінің иегері Нұржамал Үсенбаева, әнші, композитор, продюсер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық ән байқауларының жүлдегері Медеу Арынбаев, әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, Халықаралық ән байқауларының жүлдегері Жанар Дұғалова, дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, Айгүл Қосанова, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Бекжігіт Сердәлі бар.

Қазылар алқасы шешімімен Грузия елінен келген Татия Кобаладзе Гран-при иегері атанды. Ал 1-орын Татарстаннан Ильгиз Шайхразиевқа бұйырды. Жүлделі 2-орынды Сербия елінен Стефан Здравкович пен Польша әншісі Михал Качмарек иеленді. Ал 3-орын иегері Черногориядан Катарина Богичевич, Болгария мемлекетінен Христиана Данкова, Өзбекстан Республикасынан Навруза Махамаджанова атанды. Түркиядан Сонгул Екан, Беларусь елінің қатысушысы Егор Шаранков және Қарашай-Шеркессиядан Мариана Алботова халықаралық байқау дипломанты атанды. Үздік оранжировка үшін Грузия елінен келген Татия Кобаладзе мен Польша әншісі Михал Качмарек марапатталды. Барлық жеңімпазға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар, ал Гран-при иегеріне арнайы статуэтка табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш байқау 2 рет онлайн түрде өткен болатын. 2020 жылы Молдова республикасынан Галина Шкода бас жүлдені жеңіп алса, 2021 жылы Бурятиялық Цыден Еши Бимбаев Гран-при иегері атанған. Жобаның бас продюссері – Мейіржан Алиакбаров. Халықаралық ән сайының нәтижесінде 4 елдің үздік әншілерінен құрылған «Turan Boys» квартеті байқаудың жабылу салтанатында ән шырқады. Бүгінде олар қазақ әндерін насихаттауда зор үлес қосып жүр.