Сауран ауданындағы 5 өндіріс алаңына 115 цех салу жоспарланып отыр

Сауран ауданында шағын кәсіпорындар саны артып келеді. 2024-2026 жылдар аралығында ауданның бірнеше ауыл округтерінде өндіріс аймақтары құрылуда. Бірінші кезеңде Қарашық, Иассы, Жүйнек, Шорнақ және Үшқайық ауыл округтерінен 55 гектар жер бөлініп, 5 өндіріс алаңы құрылды. Осы алаңдарға 115 цех салу жоспарланып отыр.

Сауран ауданы: жаңа жоба ауыл шаруашылығын тек экономикалық сала ретінде емес, әлеуметтік қолдау құралы ретінде де пайдалануға болатынын көрсетуде

Сауран ауданының Майдантал ауылдық округінде аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Әлеуметтік бақша» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында арнайы бөлінген 0,6 гектар аумаққа картоп пен қызанақ егілген. Бүгінгі таңда алғашқы өнім жиналып, тұрғындар күзгі терімге атсалысты. Жиналған көкөністер ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегін таратылуда. Бұл шара күнделікті тұрмыстық қажеттілікті өтеуге елеулі көмек болып отыр.

Сауран ауданында мақта жинау науқаны басталды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров мақта терімі жүріп жатқан алқаптарды аралап, шаруалардың жұмысымен танысты. Ағымдағы жылы аудан көлемінде 11 975,6 гектар жерге мақта дақылы орналастырылған.

Шымкентте Иран тауар өндірушілерінің III сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтті

Қаладағы халықаралық Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының III сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтті. Оған Иран елінің 20-дан астам кәсіпорын өкілдері келген. Негізінен, құрылыс саласы, ауылшаруашылығы, инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттағы жетекші ирандық компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Іс-шара 12-15 қазан күндері аралығына жоспарланған болатын.

Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өзекті мәселелері мен шешу жолдары талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен,Сауран ауданы активімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды. Актив отырысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, негізгі бағыттар мен жүзеге асқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ауданда өндірісті, инвестиция саласын, туризмді, ауыл шаруашылығын дамыту және өзге де бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Сауран ауданында өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында әлеуметтік дүкендер тегін пайдалануға берілді

Түркістан облысының Сауран ауданында аз қамтылған отбасыларды қолдау және жергілікті өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған ерекше әлеуметтік жоба іске қосылды. Жергілікті билік бастамасымен қолға алынған «Әлеуметтік бақша» жобасы аясында жаңа әлеуметтік дүкендер тегін пайдалануға беріледі.

Сауран ауданы: облыс әкімі аудан экономикасына серпін беретін жобалармен танысты

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапармен барып, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын бақылады. Аудан экономикасын дамытуға серпін беретін жобалармен танысып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы игі бастамаларға қашан да қолдау болатынын жеткізді. Кәсіпкерлермен жүздесіп, құрылыс сапасына немқұрайлы қарамай, бастаған істі жауапкершілікпен аяқтауды тапсырды.