Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері даму үстінде

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын іске асырып жатқан инвесторлармен кездесіп, жобалардың орындалу барысын және алдағы жоспарларды талқылады.

Түркістан облысы: Мақтааралда мақта егу науқаны бастау алды

Биыл Түркістан облысы Мақтаарал ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мақта егу науқаны басталды. Ауданда мақтаны егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 1494 гектар аумаққа мақта шиті себілді. Жалпы Мақтаарал ауданында 60 мың гектардан астам егістік жер бар. Бүгінгі күнге дейін оның 20 мың гектарға жуығы тырмаланып, 14 мың гектары шыжылданған. Бұл алқаптар толықтай мақта егуге дайын күйге келтірілген. Ауа райының қолайлы жағдайына байланысты егіс жұмыстары алдағы күндері қарқын ала түседі деп күтілуде.

Түркістан облысындағы «Dala Fruit» агроөнеркәсіптік кешені табысты жұмыс істеуде

Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан облысы – табиғи-климаттық жағдайы ауыл шаруашылығына аса қолайлы өңір. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып отырған өңірдегі кәсіпорындардың бірі – «Dala Fruit». Компания Сайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан және бүгінде заманауи агроөнеркәсіптің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Түркістан облысында қуаты 300 МВт ірі күн электр станциясы салынуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Sauran Solar Power» ЖШС басқарма төрағасы Шао Юэбомен кездесіп, Сауран ауданында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасының іске асырылу барысын талқылады. Ауқымды инвестициялық жоба аясында тараптар құрылыс жұмыстарының кезеңдері, іске асыру мерзімдері және туындаған өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алмасты.

Түркістан облысында өзіндік кірістер көлемі ұлғайып, экономикалық көрсеткіштер жақсара түскен

2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыс бюджетіне түсімдер жоспары 118%-ға орындалып, 58,3 млрд теңгеге артығымен қамтамасыз етілген. Жоспардың асыра орындалуы негізінен өзіндік кірістер есебінен қалыптасты. Өзіндік кірістердің нақты түсімі 70,8 млрд теңгені құрап, жоспар 10,6 млрд теңгеге артық орындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 млрд теңгеге немесе 8%-ға өсіп отыр. Сонымен қатар субвенциялар, бюджеттік кредиттерді өтеу және республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер жоспары толықтай 100% орындалды.

Түркістан облысында 223 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды

Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биыл өңірде жалпы 536 мың гектарға жаздық дақылдар егу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін оның 165 мың гектары игерілді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 55 мың гектарға, майлы дақылдар 29 мың гектарға, жоңышқа 40 мың гектарға, көкөніс 15 мың гектарға, картоп 6 мың гектарға, ал бақша дақылдары 19 мың гектарға егілген.

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері даму үстінде

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров таяуда «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын іске асырып жатқан инвесторлармен кездесіп, жобалардың орындалу барысын және алдағы жоспарларды талқылады.

Түркістан облысы: Арыста жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын жаңа депо салынуда

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев теміржол машина жасау саласындағы жетекші халықаралық серіктес – Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойемен кездесті.