Шымкентте Иранның 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді

2025 жылғы 12–15 қазан аралығында Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Іс-шараға инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттар бойынша жетекші ирандық компаниялар қатысады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек хабарлады. 

Отырар ауданында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысы, Отырар ауданында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – мақта шаруашылығының өңірдегі даму тарихын, жетістіктері мен жаңалықтарын дәріптеу, жаңа технологияның қолданысын кеңейту және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында шаруаларға құрмет көрсету. Фестиваль аясында егіс алқабына экскурсия, ауыл шаруашылығы және мақта шаруашылығына арналған техника көрмесі ұйымдастырылып, жаңа агротехнологиялар таныстрылымы өтті. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауыл шарушалығы еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.

Түркістан облыстық арнайы экономикалық аймақты сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағының аумағы 4 414,39 гектарды құрайды. Арнайы экономикалық аймақ 9 қосалқы аймақтан тұрады. Бүгінгі таңда «Turan» АЭА аумағында жалпы құны 1 061,16 млрд теңгеге 12 713 жұмыс орнын құрайтын 189 жоба тіркелген. Оның ішінде, жалпы құны 255,9 млрд. теңге болатын 40 жоба іске асырылып, 1 353 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Шымкентте бюджеттің өз кірістерін арттыру мәселелері талқыланды

Мемлекет Басшысының өңірлердің өз кірісін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың, мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен арнайы кеңес өтті. Жиында жергілікті бюджеттің табыс базасын кеңейту және қосымша кіріс көздерін анықтау мәселелері талқыланды.

Түркістан қаласында шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту жұмыстары қарқынды түрде жалғаспақ

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан қаласында кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамыту жұмыстары қарқынды жалғаспақ. Таяуда Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен осы бағытта арнайы жиын өтті.

Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер жоспары 8 айда толығымен орындалған

Бүгін Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтың төрағалығымен орындаушылық тәртіптің орындалуы және индикаторлық көрсеткіштердің іске асу барысы бойынша кезекті мәжіліс өтті. Жиын барысында салық түсімдерін ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және биылғы жылдың 8 айының қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды.

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Шараның орны – жеңіл өнеркәсіп және сервис саласында кадрлар даярлайтын жетекші оқу орны – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі.

Шымкенттің агроөнеркәсіп саласы тұрақты дамуда

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.