Шымкент пен Сиань арасындағы туристік ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде
«Шымкент – Сиань» бағытындағы жаңа халықаралық тікелей әуе рейсінің ашылуына орай Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шаралар барысында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуеті кеңінен таныстырылды.