Шымкентте азық-түлік бағасы қатаң бақылауда
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді.Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «Gramad Retail» ЖШС мен келісім түзілді. Қазіргі таңда аталмыш серіктестік өзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатуда деп хабарлайды Шымкент келбеті газеті.





