Түркістан: Төлеби ауданында 68 шақырым жол жөндеуден өтеді

Түркістан облысы Төлеби ауданында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 28,838 шақырымды құрайтын 27 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биылғы жылы 42 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.




