Түркістан: Цифрлық жүйе-қылмысқа қарсы қарымды күрес

Мемлекеттік қызмет көрсетуді Цифрлық жүйеге көшірудің сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудегі рөлі айрықша. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн отырысында айтылды.

Шымкенттіктер азық-түлікті делдалсыз һәм арзан бағада алады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каладағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз, төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан: Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдарының саны 117-ге жетті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқыны өсіп жатыр. Атап айтқанда, Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдарының саны 117-ге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Шымкент әуежайындағы терминал құрылысы тоқтаусыз жүріп жатыр

Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асып жатқанын атап өткен орынды

Түркістан: Биыл Мақтааралда 38 мың гектар жерге мақта егіледі

Көктемнің бір күні бір жылға азық. Cәуір айының ортасынан бастап Мақтаарал ауданында ауа-райы күрт жылынып, шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Көктемгі дала жұмыстарына 954 ауыл шаруашылығы тракторлары, 415 чизель, 3876 тырма, 250 тұқым сепкіш техникалары қатысуда.