Семіздік дерті жасарып барады

Бүгінде балалардың басым көпшілігі cеміздіктен зардап шегеді. Семіздік деген қауіпті естілмегенімен, дәрігерлер бүгінде бұл мәселеге дабыл қағып жатыр.  Дәрігердің айтуынша, бұрындары семіздікке 40 жастан асқандар мен бірнеше бала босанған әйелдер шалдықса, бүгінде бұл дерт көбіне 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдерде кездеседі.

Баланың есту қабілетінің бұзылуын дер кезінде анықтаған жөн

Аудиологиялық скрининг жайлы естідіңіз бе? Бұл жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізілетін тексеріс түрі. Шымкент қалалық №2 емханасында скринингтің бұл түрін Роза Абдираймова 5 жылдан бері  жүргізіп келеді. Медбике есту патологиясы баланың сөйлеу мен тіл дамуының кешігуіне, әлеуметтік, эмоционалдық және коммуникациялық дағдылардың қалыптасуының бұзылуына, когнитивті дамудың кешігуіне және төмендеуіне әкеледі дейді. Сондықтан да, ата-аналарды  аудиологиялық скринингке бейжай қарамауға шақырады.

Сушидеп келер қауіп көп

Бүгінде сушиды білмейтін адам кем де кем. Өйткені аз уақыт ішінде жапон асханасының бұл тағамы қалада ғана емес, ауыл-аймақта да дами бастаған. Күріш, күріш сіркесуы, шикі балық, васаби, теңіз балдыры, имбирь мен соя соусынан жасалатын  суши адам ағзасына пайдалы ма, зиян ба?

Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары суши жеп ауырып жатқандар  көп екенін айтуда. Сондықтан да олар, осы бір асты қолданғанда абай болуға шақырады.   

Түркістанда Қазақстан мейіргер ісі мамандарының IV съезі өтті

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Білім беруге инвестиция – мейіргер ісінің тұрақты дамуы» атты Қазақстан мейіргер ісі мамандарының IV съезі өтті. Жиынды университет және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Мейіргер ісі мамандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

МӘМС: Шымкенттік дәрігерлер тіліксіз ем жасады

63 жастағы Құрманғазы Кусалин Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы базасында МӘМС аясында екінші рет күрделі отадан өтті. Науқас 16 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Дерт салдарынан аяқтағы қан айналымы бұзылып, аяқ жансызданып, жүру қиындаған.

Шаһар басшысы Шымкенттегі медициналық мекемелерді аралады

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында «Камея Pharm Group» ЖШС-нің жұмысымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Медициналық мекеме бір ауысымда 300–500 адам қабылдауға қауқарлы және 36 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді.

Шымкентте күрделі операциялар жүздеген адам өміріне араша болды

Шымкент қаласында жыл басынан бері МӘМС қаражаты есебінен 200-ге жуық жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде ми қан тамырларының күрделі патологиялары, жүрек-қан тамырлары аурулары, сондай-ақ бүйрек пен бауыр трансплантациясы бойынша жоғары күрделіліктегі оталар жасалған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы ұйымдастырған БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында айтылды.