МӘМС: Шымкентте балаларға 1700-ге жуық ортодонтиялық қызмет көрсетілді
Шымкентте өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында балаларға 1700-ге жуық ортодонтиялық көмек көрсетілген. Бұл қызмет түрі жақ-бет аумағының туа біткен патологиялары бар балаларға, сондай-ақ тіс-жақ аномалияларын түзету үшін 6 жастан 12 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасы балаларына тегін ұсынылады.