«Денсаулық бұрышы»: шымкенттіктер саябақта дәрігерлерден тегін кеңес алды

Шымкентте тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және МӘМС жүйесі туралы ақпараттандыруға бағытталған «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында жүзге жуық тұрғын тегін медициналық кеңес алды.

Шымкентте мектеп медицинасы қызметін цифрландыру жұмыстары күшейтілуде

Шымкент қаласында мектеп медицинасы қызметінің тиімділігін арттыру және цифрландыру бағытындағы жұмыстар қарқын алған. Қазіргі таңда қаладағы 270 мектепке 40-қа жуық медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы қызмет көрсетеді. Мектеп медицинасымен 264 мыңнан астам оқушы қамтылған.

Энтеровирусты инфекция бас көтермесін десеңіз...

Энтеровирусты инфекция  - бұл ішек вирустарынан (энтеровирустардан) туындаған, дене қызуының жоғарылауымен және әртүрлі клиникалық белгілермен сипатталатын жедел инфекциялық аурулар тобы.  Коксаки және ЕСНО ішек вирустарымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен таралатын, клиникалық белгілері бойынша полиморфизммен сипатталатын, бұлшықет жүйесі жағынан әртүрлі бұзылыстармен көрінетін, жедел инфекциялық ауру.

АПВ-ға қарсы вакцина - денсауықты қорғаудың тиімді жолы

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бүгінде әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылып келеді. Алғаш рет 2006 жылы АҚШ пен Австралияда енгізілген вакцина қазіргі таңда жатыр мойны обыры мен АПВ-мен байланысты өзге де аурулардың алдын алудың тиімді құралы ретінде танылған.

Шымкентте бас миына күрделі ота жасалды

Бас миындағы  үш патологияға бір сәтті ота.  Шымкент қалалық №2 ауруханасының нейрохирургтары медицинада сирек кездесетін аса күрделі жағдай бойынша жоғары технологиялық операцияны сәтті өткізді. Дәрігерлер 24 жастағы пациенттің бас миындағы бірден үш ауыр патологияны бір операция барысында алып тастап, оның өміріне төнген қауіпті сейілтті. Медициналық көмек МӘМС есебінен көрсетілген.

Әлеуметтік жағдайы төмен 50 мыңға жуық шымкенттік МӘМС жүйесінде сақтандырылған

 

Жыл басынан бері Шымкентте әл-ауқаты дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы 50 мыңға жуық адам МӘМС жүйесінде сақтандырылды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз D және E санатындағы азаматтар медициналық көмекке жүгінген жағдайда, олардың сақтандыру жарнасын жергілікті әкімдік төлеуде. Аталған санаттарға өмірлік қиын жағдайға ұшыраған, тұрақты табыс көзі жоқ, жұмыссыз және соңғы айларда зейнетақы жарналары төленбеген азаматтар кіреді.

Шымкент: Инклюзивті жүгіріс балаларды бір алаңға жинады

Шымкент қаласындағы дендрологиялық саябақта Балаларды қорғау күніне орай «Инклюзивті жүгіріс – 2026» іс-шарасы ұйымдастырылды. «Arman Alemi» кедергісіз қозғалыс қауымдастығының бастамасымен өткен шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын қолдауға бағытталды.