Шымкентте ерекше балаларға қолдау көрсететін жаңа орталық ашылды
Шымкентте мейірім мен қамқорлыққа негізделген игі бастамалар жалғасып келеді. Қалада ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сапасын жақсартуға, олардың қоғаммен етене араласуына және жан-жақты дамуына бағытталған жаңа әлеуметтік нысан – «Балауса» балаларға арналған №11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмысын бастады.