Super User

Super User

Созақ ауданы: «Kazatomprom-SaUran» компаниясының 10 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

«Kazatomprom-SaUran» компаниясы 10 жылдық мерейтойын сән-салтанатпен атап өтті. Іс-шараның шымылдығы ұлттық нақыштағы әуендерімен ерекшеленген «Керуен» этно ансамблінің өнерімен ашылып, қонақтар үшін арнайы фотозона мен шай үстелі ұсынылды. Салтанатты кешке арнайы қатысқан Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Kazatomprom-SaUran» компаниясының барша ұжымын мерейлі мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді:

Созақ ауданындағы барлық білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылды

Созақ ауданындағы барлық білім беру мекемелерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, 2024-2025 оқу жылы өз мәресіне жетті. Аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырылған салтанатты жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Созақ ауданында «Дәстүр мен төлтума мәдениет — ұлттың рухани коды» тақырыбында кездесу өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Дәстүр мен төлтума мәдениет – ұлттың рухани коды» атты мазмұнды кездесу өтті.Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова ашып, жүргізді.

Созақ ауданы: ішкі жолдар жаңартылуда

Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков округке арнайы барып, ішкі жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты.

Осы RSS каналға жазылу