Шымкент қаласы әкімдігі мен білім бөлімі жақсы бастамаға қолдау білдіруде
Шымкенттің жалпы практика дәрігерлері мен Түркістан облысының дәрігерлері жасөспірімдерге дер кезінде қажетті қолдау көрсету бойынша біліктіліктерін жетілдіреді.
Шымкенттің жалпы практика дәрігерлері мен Түркістан облысының дәрігерлері жасөспірімдерге дер кезінде қажетті қолдау көрсету бойынша біліктіліктерін жетілдіреді.
Шымкентте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы делегацияларының екі жақты жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облысының прокурорлары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Бүгін Шымкентте қазақ полициясының 26 жылдығына орай ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов, сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты.
Шымкентте имамдардың халықаралық форумы өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның дінбасыларының өкілдері еліміздің үшінші мегаполисінде кездесті. Олар имамдардың қызметі, қазіргі заманғы қоғамдағы дін мәртебесі туралы ең өзекті мәселелерді талқылады.
Көші-қон қызметі орталығы халықтың өтініші негізінде ашылып отыр. Орталықты ашудың мақсаты - шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың күту уақытын қысқарту (3-5 күннен 1 күнге дейін). Бұл орталықта шетелдіктерді уақытша рәсімдеу және жеке тұлғаларға жұмысқа келген еңбек мигранттарына рұқсат беру туралы жұмыс жүргізіледі.
Шымкент енді баяғы Шымкент емес. Бұл қала енді респбуликалық маңызға ие қала. Сонымен қатар, көліктердің мемлекеттік нөмірлеріне де өзгеріс енетін болды.
Аталмыш жәрмеңкеге өңірдегі жоғары және орта оқу орындарының бітіруші түлектері мен жұмыссыздар шақырту алыпты. Қалай десек те, соңғы жылдары мемлекеттік қызметке кіргісі келетіндердің қатары артып келе жатыр. Оның бірнеше себебі бар; жалақының жыл өткен сайын көбеюі, мемлекеттік қызметкерлер үшін қарастырылған жеңілдіктердің болуы, т.с.с.
Жәрмеңкеде жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде аудандық, қалалық әкімдіктердегі бос орындар да бар екен. Басты мақсат – мемлекеттік қызметтің оң иммиджін қалыптастыру, шығармашыл, жаңаша ойлай білетін белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту, жұмыссыздар армиясының санын азайту болып табылады.
Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің айлық еңбекақысы 60 мың теңгеден бастап, 600 мың теңгеге дейін жетеді. Осының өзі жұмыс іздеген білімді жастарды қызықтырары сөзсіз. Оның үстіне, қызметте өсіп, карьера жасауға мол мүмкіндік ашылатыны даусыз. Жәрмеңкеге жиылған қауым осыны түсіне бастаған секілді.
«AQ-QARA.KZ – ақпарат»
Республикалық маңызға ие болған Шымкент қаласының жаңа, яғни алғашқы әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрлан Сауранбаевты алмастырды.
Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысып, Үкімет жетекшісі Түркістан облысының әкімі лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған Елбасының облыстық мәслихат депутаттарына жолдаған хатын оқып берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде мегаполистегі құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алқалы жиын өтті. Мәжілісті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды.