Шымкент: Әл-Фараби ауданы аумағында тұратын 8037 адам әлеуметтік төлем алды

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында тұратын 8037 адам әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов айтты.  Ол сондай-ақ 42500 теңге кімдерге тиесілі екеніне де тоқталды. 

Шымкент: 18055 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

2020 жылдың I тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20445 отбасы құжат тапсырған. Оның ішінде 16208 отбасы шартты, 4237 отбасы шартсыз ақшалай көмекке өтінім білдірген. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкентте әскери қызметке ниет білдіргендер көп

Мемлекет басшысының үндеуінен кейін ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда. Шымкенттеде төтенше жағдай кезінде әскер сапында, ел үшін тер төгуге бел буғандардың қарасы қалың. Еріктілерді әскери комисариат қандай талаптармен қабылдайды

Өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында қала аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Шымкентке кіріп-шығуға шектеу қойылады

Қауіпті дерттің таралуын болдырмас үшін Шымкентте шектеу шаралары күшейтіледі. 31 наурыз кешкі сағат 21:00-ден бастап өткізу-бақылау бекеттерінде көліктердің қалаға кіріп-шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге ғана рұқсат беріледі. Сондай-ақ қала аумағында бетперделік режим енгізілмек. Яғни барлық тұрғындар медициналық маска киюге міндетті.