Ордабасы ауданындағы үш аймақтың тоғысқан жеріне көпір салынбақ

Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылынан Шымкент қаласына қатынауды жеңілдету мақсатында, қосымша көпір салу мәселесі біраз уақыттан бері өзекті болып келеді. Осыған байланысты ауыл тұрғындары атынан аудандық мәслихат депутаты Ғабит Оразымбетов аудан әкімі мен аудандық маслихат төрағасы тарапына өтініш жолдаған болатын.

Ордабасы: аудан әкімі бірқатар нысандарды аралап, тапсырмалар берді

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев кезекті жұмыс сапарымен жауапты сала орынбасарлары және бөлім басшыларымен бірге бірқатар нысандарды аралады. Бірінші кезекте аудан орталығы Темірландағы көшелерді аралап, назардан түспейтін санитарлық тазалық, абаттандыру шараларының жағдайын бақылады.

СОЗАҚТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақтар, ішкі көшелер мен ауыл маңындағы сай-салалар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ҚАРАЛДЫ

Түркістан өңірінде білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Аталған салаларға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың шағымдарын тыңдады.

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстарының барысын көріп, мамандармен кездесті. Аралау барысында аудан басшысы жауапты мамандар мен мердігер мекеменің қызметкерлеріне жұмыс барысын күшейтіп, іс-шараларды сапалы жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА 800-ДЕН АСА АДАМ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы ретте, Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілуде.