ОТЫРАР АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» шарасы аясында серпінді сенбілік өтті. Отырар ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына аудандағы жалпы кәсіпорындардың, қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен аудан тұрғындары, жалпы 1000-нан аса адам қатысты.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЗИЯНКЕСТЕРДІ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғауға бағытталған шара күшейтілген. Осы ретте, аудандағы 25 000 гектар жер зерттеліп, оның 5 300 гектарында химиялық өңдеу қажеттілігі анықталған. Нәтижесінде 4200 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүрді.

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Отырар ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда. Сенбілік барысында аудан әкімдігі бекіткен көшелерді тазартуға тиісті мекеме қызметкерлері қатысып, көше бойындағы қураған шөптер, тал бұтақтар кесіліп, арық-атыздар қоқыстан тазартылды.

ORDABASY: ЖАЛҒАСЫН ТАБАР ЖАҚСЫ ІС

Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Мұқтаж жандарға қарасу, сүрінгенді сүйеу– халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Осы ретте ауданымызда қасиетті жұма күні жақсы бір істің реті келіп, аудан орталығы Темірлан елді мекенінде көптен күткен қуанышты сәт орын алды.

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ БАЙЫЛДЫР АУЫЛЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда Кентау қаласында көгілдір отынға алғашқы болып қосылған Байылдыр ауылында үлкен қуаныш.

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласы, Тельман шағынауданындағы 1200 орынға арналған мектеп құрылысы 2024 жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Нысан құрылысын биылғы жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарлануда.

ОТЫРАРДА 50 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 50 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды арнайы құттықтап барған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы қуаныш иелеріне жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

ORDABASY: Темірланда 75 000 дана маусымдық гүлдер мен 6000 дана көп жылдық раушан гүлдері отырғызылған

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен ауыл округінің әкімдері қатысты. Күн тәртібінде: Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы елді мекендердегі санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарының жағдайы талқыланды.