Ордабасы ауданында тағы бір елдімекен көгілдір отынға қосылды

9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығы аясында Ордабасы ауданында «көгілдір отынды» тұтынушы елді мекендердің саны тағы біреуге артты. Кемер елді мекені тұрғындарының қуаныштарын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы барды.

Ордабасы ауданы: тылда жеңісті жақындатқан «Ана даңқы» иегері марапатталды

Өткен ғасырдың ең сұрапыл соғысында майдан даласында ғана емес, тылда ерен еңбек еткен аналарымыздың да еңбегі – ерлікпен пара-пар. Тыл ардагерлерін қадірлеп-құрметтеу – олардың жасаған ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу – міндетіміз.

Отырарда ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 50 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 50 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды арнайы құттықтап барған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы қуаныш иелеріне жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Ордабасы ауданының әкімі мереке қарсаңында тыл ардагерлерін марапаттады

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарында ерен еңбек етіп, жеңістің жақындауына үлес қосқан тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы марапаттап, оларға Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде, ерлік пен еңбектің нышанына баланатын «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальін табыс етті.

Отырар ауданының 90 жылдығына орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» шарасы аясында серпінді сенбілік өтті. Отырар ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына аудандағы жалпы кәсіпорындардың, қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен аудан тұрғындары, жалпы 1000-нан аса адам қатысты.

Ордабасы ауданы көлемінде қоғамдық көліктер жаңартылды

Ордабасы ауданында тұрғындарды толғандырған жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер оң шешімін тауып, аудан көлемінде 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар жергілікті бюджеттен субсидияланып, қоғамдық көліктермен қамтамасыз етілген болатын.

Ордабасы ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен түрлі салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін, оның ішінде электронды түрде алу мүмкіндіктерін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын өткізу кестесі бекітілген болатын.