Түркістан облысы: Жетісайда қос мереке аталып өтті

Жетісай қаласының 50 жылдық мерекесі аясында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ауыл шаруашылық өнімдерінің «Алтын күз – 2019» жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жұртшылықты айтулы мерекелерімен құттықтау хаты оқылды.

Түркістан облысы: Келес ауданында ветеринария саласында ауқымды істер атқарылып жатыр

Ветеринария саласының миссиясы – жануарлардан алынатын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эпизоотиялық жағдайларды қалыптастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізу және жануарларға ветеринарлық паспорт беру, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою. Келес ауданында ветеринариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. 

Түркістан: салықшылар ашық есік күнін өткізді

Елімізде салық төлеушілерді бір жүйе бойынша жалпы тізімге ендіру қажет. Сонда қазынаға түсетін қаржы көлемі ұлғаяды. Ол үшін барлық жеке кәсіпкерлер фискалды чек беретін құрылғыны сатып алулары керек. Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті осы мақсатта облыс базарларында ашық есік күнін өткізуде. Кезекті шара Түркістандағы «Қуаныш» базарында өтті.

Түркістан облысы: Келесте жылыту маусымына орай сақтық шаралары жасалуда

Түркістан облысы Төтенше жағдайдайлар департаментінің жобасына сәйкес, облыс бойынша аудандарға улы газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Келес ауданы бойынша барлық ауылдық округтерінің аз қамтамасыз етілген отбасылар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және жалғыз тұратын зейнеткерлердің тұрғын үйлеріне орнату үшін улы газ датчиктерін тегін тапсырады.

Түркістан облысы: сарыағаштықтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндірілуде

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін аудан тұрғындарына түсіндіру үшін бекітілген жұмысшы топ қала, кент, және ауылдық округтерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағашта көшпелі қабылдау өткізді

Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Партияны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық филиал төрағасының Бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының қатысуымен Түркістан облысының департамент және басқарма басшылары Сарыағаш ауданы тұрғындарына арыз-шағымдары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Кентауда шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

Шаруаға бейім аймақ тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен кәсіптерін ұршықша иіріп отыр. «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі». Осылай деген Президент пікіріне моно қала тұрғындары еңбекпен үн қоспақ.

Түркістан: Кентауда модульді мал сою бекеті іске қосылды

Түркістан облысы Кентау қаласында 2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі, қалаға қарасты Жүйнек ауылында модульді мал сою алаңы құрылды. Құны 11 млн. теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалықтың атауы «НұрФархат».