Түркістан облысы: Бәйдібекте «Бастау бизнес» жобасының түлектері жәрмеңке ұйымдастырды
«Бастау бизнес» жобасы түлектерінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданының орталығында алғаш рет жәрмеңке өтті. Бастау жобасы бойынша оқыған болашақ кәсіпкерлер өздерінің қолдарынан келген өнімдерін жасап жәрмеңкеге шығарып, базар нарығынан төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынды.