Түркістан облысы: жылыжайыңызды заңдастырмасаңыз айыппұл төлейсіз
Қоршаған ортаны бұзып, заң талаптарын орындамаған жылыжай иелеріне айыппұл салынатын болады. Бұл туралы Түркістанда өткен жиында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнара Саметова айтты.